Қазақстанда негізгі азық-түлік тауарларының бағасы қалай бақыланады
Жарияланған күні:
Қазақстандағы кейбір негізгі азық-түлік өнімі бір жыл бұрынғы бағамен салыстырғанда қымбаттады. Ал Ауыл шаруашылығы министрлігі бағаны тұрақтандыру тетігін өзгертті. KAZ.NUR.KZ тілшілері азық-түлік бағасы қалай бақыланатынын анықтап көрді.
Қазақстанда азық-түлік инфляциясы біртіндеп төмендеп келе жатқанына қарамастан, көптеген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары шілде айында бір жыл бұрынғыға қарағанда қымбаттады.
Мысалы, Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, нан (6,2 пайызға), жарма(2,4 пайызға), күріш (10,5 пайызға) және тұзсыз сары май (9,7 пайызға), сиырдың төс еті (4,1 пайызға), ет (9,1 пайызға), сүт (6,4 пайызға), айран (5,4 пайызға), сүзбе (5,8 пайызға), картоп (9,3 пайызға), 1 санаттағы жұмыртқа (10,9 пайызға), тұз (3,7 пайызға) және сәбіз (0,1 пайызға).
Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру тетігі өзгертілді. Тиісті бұйрыққа Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрі қол қойды.
Кәсіпкерлік субъектілеріне қарыз беру үшін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында мынадай бірыңғай талаптар белгіленеді:
- заңды тұлға немесе дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеудің болуы;
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлеу мерзімі кейінге қалдырылған жағдайларды қоспағанда, кәсіпкерлік субъектісінен алынған құжаттарды қарау күніне салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленетін міндетті зейнетақы жарналары бойынша берешектің болмауы;
- екінші деңгейдегі банктер, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар берген кредиттер (қарыздар) бойынша мерзімі өткен берешектің болмауы;
- меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде (жалға алу/өтеусіз пайдалану/сенімгерлік басқару) азық-түлік тауарларын тиісті сақтауға және азық-түлік тауарларымен сатып алу, дайындық, тарату операцияларын орындауға арналған қойма үй-жайлары мен арнайы жабдығы бар үй-жайлардан тұратын инфрақұрылымдық сауда-логистикалық кешеннің болуы;
- мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізілімінде болмауы;
- мамандандырылған ұйым алдында орындалмаған міндеттемелердің, сондай-ақ атқарушылық құжаттар бойынша орындалмаған міндеттемелердің, кәсіпкерлік субъектісінің мүлкіне шектеулер мен ауыртпалықтардың болмауы;
Осылайша, Қазақстан негізгі азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыруды жоспарлап отыр.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2137671-qazaqstanda-negizgi-azyq-tulik-tauarlarynyng-qymbattauy-qalai-baqylanady/