Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Маңғыстауда мұғалімдерден ақша жинаған деп күдікке ілінген мектеп басшылығына қатысты тергеу жүріп жатыр

Жарияланған күні:

сабақ түсіндіріп жатқан мұғалім
Сабақ түсіндіріп жатқан мұғалім. Көрнекі фото: pexels.com

Мұнайлы аудандық прокуратурасы " №3 арнаулы мектеп" коммуналды мемлекеттік мекемеде жүргізілген тексеру қорытындысы бойынша мекеме басшылығы тарапынан бірқатар заңбұзушылық фактілерін анықтады. Бұл туралы Маңғыстау облысының прокуратурасы мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қадағалаушы орган таратқан мәлімет бойынша, мектеп басшылығы ай сайын мобильдік қосымшалар арқылы қарамағындағы қызметкерлерден ақша қаражатын заңсыз жинаған.

"Бұдан басқа, рәсімді бұйрықтар шығару және жеке тұлғаларға артық сыйлықақылар есептеу негізінде ақша қаражатын заңсыз аудару фактілері анықталды.

Сондай-ақ мектеп директоры өз қарамағындағыларды өзіне салынған әкімшілік айыппұлдарды төлеуге мәжбүрлеген.

Осы арнайы мектептің лауазымды тұлғаларына қатысты лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану фактісі бойынша ҚК 361-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды", - делінген прокуратура хабарламасында.

Айта кетейік Ақтөбеде бөтеннің мүлкін иемденді және қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деп айыпталған мектеп директорына сот үкімі шықты. Оған 3 жыл мерзімге бас бостандығынана айыру жазасы тағайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2137737-manggystauda-mugalimderden-aqsha-zhinagan-dep-kudiktelgen-mektep-basshylygyna-qatysty-tergeu-zhurip-zhatyr/