413 млн теңге ұрланған: Ақтөбеде мектеп директорына сот үкімі шықты
Жарияланған күні:
Ақтөбеде бөтеннің мүлкін иемденді және қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деп айыпталған мектеп директорына сот үкімі шықты. Оған 3 жыл мерзімге бас бостандығынана айыру жазасы тағайындалды, деп хабарлайды облыстық сотқа сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Ақтөбе қаласының № 2 сотында ірі мөлшерде сенiп тапсырылған бөтеннің мүлкін иемденiп алды немесе талан-таражға салды, сонымен қатар лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдаланды деген айыппен Қ.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.
Соттың анықтауынша, ол 2015-2022 жылдар аралығында №55 гимназиясының директоры қызметін атқара жүріп, өзінің электронды цифрлық қолтаңба кілтін бас бухгалтер бергенін, ол өз кезегінде 413 млн теңге мөлшерінде бюджеттік қаражатты ұрлап кеткен.
Сонымен қатар ол директор қызметін атқарын жүргенде мектептің белгілі бір мұғалімдеріне 0,5 мөлшерлеме бойынша қосымша жалақыны негізсіз есептеу туралы өкім берген. Олар жұмысты орындамаған, ал түскен қосымша жалақыны директорға беріп отырған.
Бұған дейін бас есепші кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылған.
Сот отырысында айыпталушы өз кінәсін толық мойындамады және 2014-2022 жылдар аралығында №55 мектеп директоры болғанын мәлімдеді. Ол ЭЦҚ кілті үнемі бас бухгалтерде болғанын және оның ұрлық жасағанын білмегенін айтты. Екінші эпизодтағы айып бойынша кейбір мұғалімдерге негізсіз жалақы төленгенін, бірақ пайдакүнемдік мақсатта емес, алған барлық қаражат мектептің қажеттіліктері мен күтіміне жұмсалғанын айтып, өзін ақтауды өтінді.
Сот үкімімен мектеп директоры кінәлі деп танылды.
Қылмыстық кодекстің 58-бабының 3-бөлігі негізінде қылмыстық құқықбұзушылықтар жиынтығы бойынша барынша қатаң жаза беріліп, түпкілікті мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 3 жыл мерзімге бас бостандығынана айыру жазасы тағайындалды.
Ақтөбе облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті РММ басшысына тиісті шара қолдану үшін сот жеке қаулы шығарды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2112534-413-mln-tengge-urlangan-aqtobede-mektep-direktoryna-sot-ukimi-shyqty/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.