jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Аида Тақабаева
Бұрынғы қызметкер

Астанада да 1 тамыздан бастап қоғамдық көліктерде жол жүру ақысы көтеріледі

Автобус іші
Автобус іші. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Астанада 1 тамыздан бастап қоғамдық көлікте жол жүру ақысы 90 теңгеден 110 теңгеге өседі. Бұл туралы елорда әкімдігінің сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Әкімдік өкілдерінің мәліметінше, Астанада қоғамдық көлікте жол жүру құны 1 тамыздан бастап 90 теңгеден 110 теңгеге дейін артады.

"Қалалық маршруттарда жол жүруге 90 теңге тариф 2014 жылғы қыркүйекте белгіленді. Бұған дейін қаулы жобасы ашық НҚА порталында жария талқылауға шығарылды", - делінген әкімдік хабарламасында.

Айта кету керек, Астанада және қала маңында оқитын 18 жасқа дейінгі балалар үшін қоғамдық көлікте жол жүру 2020 жылғы наурыздан бастап тегін ұйымдастырылып келеді. Міндетті шарт – көлік картасының болуы және оны автобуста валидация өткізу.

Сондай-ақ мына санаттарға жататын тұрғындар жеңілдікке ие:

  • Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және оларға теңестірілген адамдар;
  • жасы және еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнеткерлер, сондай-ақ жасы бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша зейнеткерлік жасқа толған мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушылар;
  • көпбалалы аналар;
  • көпбалалы отбасылар;
  • мүгедектер;
  • он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балалар, оның ішінде ата-аналарының бірі (заңды өкілдері).
  • Жаппай саяси қуғын-сүргін құрбандарын оңалту туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен ақталған 1986 жылғы 17-18 желтоқсандағы Қазақстандағы оқиғаларға қатысушылар қатарынан саяси қуғын-сүргін құрбандары.

Бұған дейін Алматыдағы қоғамдық көліктерде жолақысы 120 теңгеге көтерілетінін жазған едік.

Астанада да 1 тамыздан бастап қоғамдық көліктерде жол жүру ақысы көтеріледі

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram