Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Желіде Атырау облысындағы жаппай төбелестің видеосы тарады

Жарияланған күні:

Төбелесіп жатқан адамдар
Төбелес. Көрнекі фото: mrohana/Getty Images

Атырау облысында жапапй төбелес болды. Полиция өкілдері қылмыстық іс қозғап, ауыл тұрғындарымен профилактикалық жұмыс жүргізді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ

Төбелестің видеосы Telegram -дағы Egov.press арнасында жарияланды. Кадрлардан түнде болған жаппай төбелесті көруге болады.

Автордың айтуынша, видео Қызылқоға ауданында түсірілген.

Видеоға қатысты Атырау облысының полиция департаменті өкілдері жауап берді. Олар Қызылқоға аудандық полиция бөлімі әлеуметтік желіде тараған бейнежазба бойынша тергеу жүргізіп жатқанын хабарлады.

Бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды.

"Облыстағы барлық аурухана тексерілді, дене жарақатымен түскендер анықталмады. Бұған қоса Сағыз ауылының жастарымен де профилактикалық және түсіндірме жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деп мәлімдеді ведомство өкілдері.

Айта кетейік, бұған дейін Қонаев қаласында атыс болғаны туралы ақпарат тарағанын, салдарынан бір жігіт қаза болғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2137836-zhelide-atyrau-oblysyndagy-zhappai-tobelesting-videosy-tarady/