Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бұдан бұрын да ойлап жүргенмін": Орал қаласының әкімі отставкаға кеткенін мәлімдеді

Жарияланған күні:

Миржан Сатқанов
Миржан Сатқанов. Фото: instagram.com/uralskakimat

Орал қаласының әкімі Миржан Сатқанов қызметінен кетті. Бұл жөнінде ол Instagram-дағы жеке парақшасында хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Қымбатты оралдықтар, қадірлі жерлестер! Бүгін Орал қаласының әкімі қызметінен кеткенімді хабарлаймын. Мен үшін бұл қызметте екі жылдан астам оралдықтармен қоян-қолтық жұмыс істеу үлкен мәртебе болғанын айтқым келеді", - деп жазады Миржан Сатқанов.

Ол денсаулығы сыр бергендіктен, қызметтен бұдан бұрын кетуді ойлап жүргенін айтады.

"Алайда көктемде қаламызда су тасқыны болып, мұндай қиын кезеңде жұмыстан шыға алмадым. Осылайша өз міндеттерімді әріптестеріммен бірге жалғастыра бердім.

Біз барша оралдықтармен бірге үлкен жұмыс жасадық деп ойлаймын. Тек көктемгі су тасқынымен күресіп, оның салдарын жоюмен айналысқан кезде ғана емес, сонымен бірге екі жыл бойы сүйікті қаламызды одан әрі көркейтуге тырыстық. Бұл – туған жеріне жанашыр әр азаматтың өлшеусіз еңбегі.

Қазір барлық салада жұмыс жолға қойылған. Жаңадан тағайындалатын қала әкімі қазіргі жағдайды жедел түсініп, жұмысты жүйелі жалғастыратынына, ал болашақта шаһарымыз үшін жаңа жобаларға бастамашы болатынына сенемін. Оның үстіне, менің қымбатты жерлестерім, оң бастамаларды әрдайым қолдауға дайынсыздар.

Әріптестеріме және құрметті оралдықтарға сенім білдіргеніңіз үшін алғыс айтамын", - дейді ол.

Айта кетейік, 11 мамырда әкімдік өкілдері қала басшысы Миржан Сатқанов қызметінен өз еркімен кетеді деген қауесетті жоққа шығарған еді.

Миржан Сатқанов Орал қаласының әкімі болып 2022 жылғы сәуірде тағайындалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2137896-oral-qalasynyng-akimi-otstavkaga-ketti/