Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Балаларды тепкен": Алматыда лифттегі жағдай видеоға түсіп қалды

Жарияланған күні:

Оқиға орны
Балаларға жасалған шабуыл. Видеодан кадр: instagram.com/nemolchikz_official

Балаларға шабуыл жасаған Алматы тұрғыны ұсталды. Ер адамның әрекеті лифттегі бейнекамераға түсіп қалған. Полицейлер оқиғаға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Кадрлар Instagram желісіндегі nemolchikz_official паблигінде жарияланған. Ер адам лифт ішіндегі балаларды қайта-қайта тепкілеген.

Автор оқиғаның Алматыда 23 шілдеде түстен кейін болғанын атап өтті.

"Видеода 10 жастағы балаларды теуіп, ұрып жатқанын ешкім көрмесе екен деп жан-жағына қараған", - деп жазды автор.

Алматы полиция департаментінің баспасөз қызметі KAZ.NUR.KZ тілшісіне бұл факт бойынша тергеу жүріп жатқанын хабарлады.

"Ер адам анықталып, полицияға жеткізілді. Оның әрекетіне құқықтық баға беріліп жатыр. Басқа мән-жайлар анықталып жатыр", - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2138955-balalardy-tepkilegen-almatyda-lifttegi-zhagdai-videoga-tusip-qaldy/