jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Қазақстанда алдағы күндері 45 градусқа дейін ыстық болады

Ыстық ауа райы
Жаз мезгілі. Көрнекі фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Қазақстанның оңтүстігінде алдағы күндері 45 градусқа дейін аптап күтіледі. Еліміздің басқа аймақтарында жаңбыр жауады деп болжанған. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Қазгидромет" РМК мәліметі бойынша, алдағы тәуліктерде антициклон республиканың солтүстік-батысына қарай ойысады.

Ал атмосфералық фронттар әсерінен Қазақстан аумағының басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауып, жел күшеюі ықтимал.

Сонымен қатар еліміздің солтүстік-батысында, 25 шілдеде батыста, шығыста, 26-27 шілдеде солтүстікте нөсер жаңбыр жауады деп күтіледі.

"Күндіз батыста ауа температурасы +23...+33°С, солтүстік-батыста +15...+28°С, солтүстікте +18... +28°C, орталықта +25...+35°C дейін көтеріледі. Сондай-ақ ауа температурасы республиканың шығысында +25...+37°C, оңтүстікте +35...+45°С, оңтүстік-шығыста +35...+43°С дейін жетеді", - деді синоптиктер.

Қазақстанда алдағы күндері 45 градусқа дейін ыстық болады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.