Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары "күмәнді конвертке" қатысты тексерістен соң көмекшісін қайта жұмысқа алды

Жарияланған күні:

Ақша толы конверт ұстап тұрған адам
Конверттегі ақша. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

"Күмәнді конвертке" қатысты желідегі даулы видеодан кейін жұмысынан кеткен Ақтөбе облысы әкімі орынбасары Ғалымжан Елеуовтың көмекшісі бұрынғы орнына қайта оралды. Бұл туралы Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Алайда ол әкімдік штатында емес. Оны Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз хатшысы Гүлбағда Көбеева айтты.

"Штатта емес. Қасында жүр",- деді Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз хатшысы Гүлбағда Көбеева.

Айта кетейік, осыған дейін танымал адвокат Айман Омарова өз парақшасында видео жүктеген еді. Онда "Ақтөбе ӘКК" АҚ басқармасы төрағасының бірінші орынбасары Руслан Әжниязовтың облыс әкімінің орынбасары Ғалымжан Елеуовтың көмекшісіне күмәнді конверт беріп жатқан сәті видеоға түсіп қалды. Оқиғадан кейін "Ақтөбе ӘКК" АҚ басқармасы ішкі тексеріс жүргізетінін хабарлады. Кейін "Ақтөбе ӘКК" АҚ басқармасының екі бірдей орынбасары өз еріктерімен қызметтен кеткен.

"Олар 2024 жылдың 2 сәуірінде өз еріктерімен арыз жазып, жұмыстан шықты",- делінген "Ақтөбе ӘКК" АҚ басқармасының баспасөз қызметі.

Автор: Ардақ Ерубаева

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2139202-aqtobe-oblysy-akimining-orynbasary-kumandi-konvertke-qatysty-tekseristen-song-komekshisin-qaita-zhumysqa-aldy/