Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Шариғаттың бұйрығы емес, ата-баба дәстүрі емес": Нұрлан имам қара жамылғандар туралы айтты

Жарияланған күні:

Дінтанушы Нұрлан Байжігітұлы
Дінтанушы Нұрлан Байжігітұлы. Фото: Instagram / nurlanimam.kz

Танымал имам Нұрлан Байжігітұлы қоғамда қара жамылып жүргендер туралы ойын айтты. Оның сөзінше, қара жамылу біздің дінімізге де, салтымызға да сай емес, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Нұрлан имам құдайға деген сенім көзіне дейін тұмшалаумен өлшенбейтінін жеткізді.

Діни қызметкер көзінің тілігін ғана қалдырып, қара жамырылып жүргендерге ел болып қарсы тұруға шақырды.

"Біздің бүгінгі таңға, ұлтымызға, санымызға, салтымызға, дәстүрімізге, үрдісімізге қарсы болған қара жамылу, бетіне дейін қара жабу, қара киім киіну, көзінің тілігін ғана қалдырып, қалған жерін қара қылып киіну біздің еліміздің өткеніне де, келешегімізге де сыймаған дәстүр екенін білуіміз керек. Құдайға деген сенім-тақуалығымыз көзіне дейін қара жабумен өлшенбейді. Отбасына дұрыс тәрбие беріп, адал жар болып, қолынан келгенше қызметте болып, Отанына адал болу нағыз құдайға берілгендікті білдіреді.

Сол үшін біз осы нәрсеге мемлекетіміз болып, зиялы қауым, жастар болып, қарсы тұруымыз керек. Өйткені бетін жабу не шариғаттың бұйрығы емес, не ата-бабамыздың дәстүрі емес. Ал енді қара киімге келетін болсақ, жалпы біздің салтымызда қара жамылу қайғының, уайымның, мұңның, зардың іспетін білдіреді. Біздің халқымыз ешқашан олай болмаған,- деді имам. 

Нұрлан Байжігітұлының видеосын Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов Instagram-дағы парақшасында жариялаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2139217-sharigattyng-buirygy-emes-ata-baba-dasturi-emes-nurlan-imam-qara-zhamylgandar-turaly-aitty/