Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы жолдарында пайда болған көк сызық нені білдіреді

Жарияланған күні:

Көк таңба. Фото
Көк таңба. Фото: Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыдағы Наурызбай батыр көшесінде осы айдың басынан бері көк түсті жол белгісі пайда болды. "Алматы паркинг" мекемесі коммуналдық ақылы тұрақ аймағы осылай таңбаланатынын хабарлады, деп жазады Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ведомство өкілдерінің түсіндіруінше, бұл белгі көлік жүргізушілеріне тұрақ аймағында жүруге көмектесуге арналған. Бұрын ақылы автотұрақтар тек 5, 10 және 20 сандары бар шеңбермен бейнеленген ақпараттық тақта түрінде көрсетілген. Алайда мұндай белгілер әрдайым ақылы тұрақ шекараларын нақты көрсете бермейді.

"Көк түсті таңба Наурызбай батыр көшесінде пайда болды және одан әрі барлық коммуналдық ақылы автотұрақта қолданылады. Тығыз трафик кезінде жол белгісі байқалмауы мүмкін, ал көк таңба назар аудартады. Бұл – қалалық инфрақұрылымды жақсарту және Алматы тұрғындары мен қонақтары үшін жайлылық деңгейін арттыру жөніндегі бағдарламаның бір бөлігі.

Көлік жүргізушілері қазірдің өзінде тұрақ аймағын анықтау процесін қарапайым әрі түсінікті ететін жаңа жүйенің артықшылығын бағалай алады", - делінген "Алматы паркинг" хабарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2139240-almaty-zholdarynda-paida-bolgan-kok-syzyq-neni-bildiredi/