Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ҚазҰУ аумағындағы талапкер қазасы: ғылым министрі сараптама қорытындысы туралы айтты

Жарияланған күні:

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ университеті. Фото: Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ баспасөз қызметі

Ғылым және жоғары білім министрлігінің басшысы Саясат Нұрбек онлайн брифингте ҚазҰУ аумағындағы субұрқақта қаза тапқан талапкер туралы пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Саясат Нұрбек сот сараптамасы алғашқы қорытындыны бергенін растады.

"Өлімнің ресми себебі – асфиксия, тұншығу. Алайда ток соққаннан ба, әлде басқадан көз жұмды ма, оның нақты себебін білу үшін күту керек. Екі түрлі сараптама бар екен. Олар ток соққаннан не сіңірі тартылғаннан қаза болғанынн нақтылайтын қосымша ақпарат береді.

Кешірім сұраймын, біздің кінәмізден кешіктіріліп жатқан жоқ (жағдайды түсіндіру – ред. ескертпесі). Күте тұрайық", - деді министр.

Еске салсақ, 19 маусымда Алматыда кейбір түлектер үшін ҰБТ платформадағы ақауларға байланысты кейінге шегерілгені хабарланған болатын. Осылайша, бірінші лек 23 маусымға, екіншісі 30 маусымға ауыстырылды.

Сол күні журналист Михаил Козачковтың Telegram-дағы арнасында видео жарияланды, ол кадрлардан әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ғ аумағындағы субұрқақтың маңында полиция қызметкерлері жүргені көрінеді.

Кейіннен Алматыдағы ҚазҰУ қалашығы аумағында жігіт қаза тапты деген ақпарат тарады.

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек үкімет кулуарында ҚазҰУ аумағында 11-сынып оқушысы қазасының екі ықтимал себебін атады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2139346-qazuu-aumagyndagy-talapker-qazasy-gylym-ministri-saraptama-qorytyndysy-turaly-aitty/