Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нүкенова ісі: төрт жылға сотталған Байжанов қазір қайда

Жарияланған күні:

Читать на русском
Бақытжан Байжанов
Бақытжан Байжанов. Фото: t.me/Jogargy_sot

Салтанат Нүкенованың өлімі бойынша сотталған Бақытжан Байжанов әлі тергеу изоляторында, бірақ жақын арада қауіпсіздігі орташа мекемеге ауыстырылады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ҚАЖК-ға сілтеме жасап хабарлайды.

"Аталған сотталушыға сот үкімі бойынша жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтеу тағайындалды, ол қазір Астана қаласындағы уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр, алдғы уақытта қауіпсіздігі орташа мекемеге ауыстырылады", - деп хабарлады ҚАЖК баспасөз қызметі KAZ.NUR.KZ тілшісіне.

Бұл ретте ведомство өкілдері Қылмыстық-атқару кодексінің 88-бабына сәйкес сотталғандар жазасын өтеу орындарына жіберілетінін хабарлады.

Қылмыстық кодекстің 93-бабына сәйкес өзге мәліметтер жария етілмейді.

Айта кетейік Қуандық Бишімбаевтың қатаң режимдегі колонияға ауыстырылғаны хабарланды. Ол жазасын Аршалы ауылындағы мекемеде өтейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2139361-nukenova-isi-tort-zhylga-sottalgan-baizhanov-qazir-qaida/