Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шығын 50 млн теңгеден асады: Qarmet кәсіпорнынан жанар-жағармай ұрланған (видео)

Жарияланған күні:

"Qаrmet" АҚ. Фото
"Qаrmet" АҚ. Фото: polisia.kz

Ақмола облысында Qаrmet кәсіпорнынан жанар-жағармай ұрлаған қылмыстық топ ұсталды. Бұл туралы деп Polisia.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ішкі істер министрлігінің медиа-порталында жарияланған ақпаратқа сүйенсек, Ақмола облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы "Qarmet" АҚ өкілдігінің аумағынан жанар-жағармай материалдарын ұрлау бойынша қылмыстық схеманы жолға қойған адамдар тобының заңсыз әрекетіне тосқауыл қойған.

Ведомство өкілдерінің мәлімдеуінше, топ мүшелері бұл әрекеттерін ұзақ уақыт бойы іске асырып келген.

Жәбірленуші тарап олардың кесірінен кәсіпорынға 50 млн теңгеден астам сомаға шығын келгенін мәлімдеген.

"Бұдан басқа, "Qarmet"АҚ қауіпсіздік қызметімен бірлесіп, кәсіпорын қызметкерлерінің, оның ішінде күзет қызметінің жанар-жағармай жымқыруға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Тінту іс-шаралары барысында ұсталғандардан 5,5 тоннаға жуық дизель отыны, ірі көлемде қаражат және іс бойынша өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді.

Барлық күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр", – деді ішкі істер министрлігінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

Еске салсақ, бұған дейін Ішкі істер министрлігі Qarmet АҚ-дан ұрлық жасады деген күдікпен іздестіріліп жатқан адамдардың фотосын жариялаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2139499-shygyn-50-mln-tenggeden-asady-qarmet-kasipornynan-zhanar-zhagarmai-urlangan-video/