jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ГҚ
Гүлзат Қазанғапова
Бұрынғы қызметкер

"Түркияда жасырынбақ болған": Шымкентте жалған төлқұжатпен іздеуде жүрген адам ұсталды

төлқұжат
Шетелдік төлқұжат. Көрнекі фото: pixabay.com

Шымкентте жалған төлқұжатпен іздеуде жүрген адам ұсталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ IMM-нің Polisia.kz ақпараттық медиа-порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Басылымның хабарлауынша, ІІМ экстремизмге қарсы іс-қимыл департаментінің жедел қызметкерлеріне еліміздің аумағында жасырынған көрші елдің азаматы туралы ақпарат келіп түскен. Ол өз елінде аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін іздеуде жүрген.

"Деректерді тексеру барысында іздеуде жүрген қылмыскер Шымкент қаласында ұсталды. Оның Қазақстан аумағына заңсыз кіргені анықталды.

Сондай-ақ одан Орталық Азия елдерінің бірінің жалған құжаты тәркіленді. Бұл құжат бойынша ер адам шекарадан әрі өтіп, Түркияда жасырынбақ болған", - деп жазады ІІМ өкілдері.

Қазіргі уақытта ұсталған адам қамауға алынды. Белгіленген тәртіппен оны экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр

"Түркияда жасырынбақ болған": Шымкентте жалған төлқұжатпен іздеуде жүрген адам ұсталды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.