Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Досаев Алматыдағы Абай даңғылын ұзарту жұмысы қашан аяқталатынын айтты

Жарияланған күні:

Жол жөндеу жұмыстары
Жол жөндеу жұмыстары. Көрнекі фото: pixabay.com

Алматы әкімі Ерболат Досаев Наурызбай ауданында тұрғындармен кездесуінде қаладағы қандай негізгі көшелер бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

"Бүгінде 8 көшеде 5 км жолға орташа жөндеу жүргізілді, қараша айының соңына дейін ұзындығы 13 км болатын тағы 22 көше орташа жөндеумен қамтылады, қазан айының соңында Ақжар шағын ауданындағы 6 көше бойынша 2 км жол құрылысын аяқтау жоспарлануда", - деді Ерболат Досаев тұрғындармен кездесуде.

Ауданда әлі де магистральдық көшелер ұзартылып жатыр.

Қала басшысының айтуынша, қарашаның соңына дейін Абай даңғылын Строительная көшесінен қала шекарасына дейін ұзартуды аяқтау жоспарланып отыр.

"Төле би көшесін ұзарту үшін 270 жер учаскесі алынуы тиіс, 170 жер учаскесі сатып алынды, қалған учаскелерді сатып алуды жыл соңына дейін аяқтау жоспарлануда. Жұбанов көшесін ұзарту үшін 346 жер учаскесі алынады. 148 объект бойынша қаулылар қабылданды, учаскелерді сатып алу 2025 жылдың соңына дейін жоспарланған", - деді ол.

Айта кетейік алматылық полицейлер жол жөндеу жұмыстарына байланысты қала тұрғындарына ескерту жасағанын хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2139630-dosaev-almatydagy-abai-danggylyn-uzartu-zhumysy-qashan-aiaqtalatynyn-aitty/