Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматылық полицейлер жол жөндеу жұмыстарына байланысты қала тұрғындарына ескерту жасады

Опубликовано:

Жол белгісі.
Жол белгісі. Көрнекі сурет: pixabay.com

Алматылық полицейлер Рысқұлов даңғылынан Бұқтырма көшесіне дейінгі Құлжа тасжолында қайта жөндеу жұмыстары басталғанын мәлімдеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтарының назарына!

4 маусымда Рысқұлов даңғылынан Бұқтырма көшесіне дейінгі Құлжа тасжолында қайта жөндеу жұмыстары басталды, онда жолды төрт жолақтан алты жолаққа дейін кеңейту жоспарланып отыр", - дейді қалалық ПД өкілдері.

Полицейлер бұл жолдың сыйымдылығын екі есеге арттыратынын, жөндеу жұмыстары 7 маусымға қараған түні басталғанын мәлімдеді.

Ведомство мәліметінше, жолды қалпына келтіру жұмыстары үш кезеңге бөлінген. Бірінші кезеңде жолдың шығыс жағында, екіншісі орталық бөлігінде және үшінші батыс жағындағы жұмыстарды қамтиды. Сондай-ақ әр кезеңде бөлу жолағы есебінен екі бағытта да екі жолақ бойынша қозғалыс қамтамасыз етіледі.

"Әр учаске бойынша жұмыстың ұзақтығы шамамен бір айға созылады. Биыл 25 тамызға дейін жолдың барлық ені бойынша жол қозғалысын таңбалау арқылы ашу және жол белгілерін орнату жоспарлануда. Осыған орай жол қозғалысына қатысушыларды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, бағыттарын алдын ала ретке келтіруге және уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауға шақырамыз", - деді полиция өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2113890-almatylyq-politseiler-zhol-zhondeu-zhumystary-zhurgiziletinin-aityp-qala-turgyndaryna-eskertu-zhasady/