"Теледидарды қосып, хабарламаларды оқыңыз": құтқарушылар алматылықтарға үндеу жасады
Жарияланған күні:
26 шілдеде сағат 10.00-де Алматыда жер сілкінісі болған жағдайда халықты хабардар ету үшін командалық-штабтық оқу-жаттығу өтеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ қалалық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.
"Премьер-министрдің орынбасары Қ.А. Бозымбаевтың 2024 жылғы 13 мамырдағы тапсырмасын орындау мақсатында Алматы қаласы ТЖ Департаменті 26 шілдеде сағат 10.00-де жер сілкінісі туындаған жағдайда Алматы қаласының тұрғындарын хабардар ету бойынша командалық-штабтық оқу-жаттығу (КШОЖ) өткізеді", - делінген хабарламада.
Ведомсвто мәліметінше, құлақтандыру жүйесін тексеру барысында техникалық ескерту жүйесінің құралдары (сирена қондырғылары, телерадиоканал арқылы және мобильді жүктемелер) кешенін қысқа уақытқа қосылады.
"Барлығына назар аударыңыз!!!" – бұл ТЖ қаупі туындаған жағдайда барлық шұғыл хабарламаларды тарату алдында халықтың назарын аудару үшін берілетін ескерту бірыңғай сигналы.
Дыбыстық сигналды естігеннен кейін теледидарлар мен радиоқабылдағыштарды қосу керек, интернет-ресурстардағы және мобильді қосымшалардағы ақпаратты алыс қашықтыққа нұсқаулар алу үшін оқу керек.
Командалық-штабтық құлақтандыру жабдықтарының дайындығын тексеру оқу-жаттығуы халықты хабардар ету және ТЖ-дан қорғау мақсатында жүргізіледі", - деп ескертті құтқарушылар.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2139831-teledidardy-qosyp-habarlamalardy-oqyngyz-qutqarushylar-almatylyqtarga-undeu-zhasady/