jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Демалыс күндері еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, күн салқындайды деп болжанды

Жаңбырлы күн
Жаңбырлы күн. Көрнекі фото: NUR.KZ / Владимир Третьяков

Синоптиктер алдағы үш күнде Қазақстанда найзағай ойнап, бұршақ жауып, жел күшейеді деп болжап отыр. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Метеоролгтардың мәліметінше, алдағы күндері Қазақстанда оңтүстік циклонның әсерінен өткінші жаңбыр жауады.

"27 шілдеде Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында, 28 шілдеде Абай облысында, 29 шілдеде Шығыс Қазақстан облыстарында нөсер жаңбыр, бұршақ жауады. Қазақстан аумағында жел күшейеді.

Республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында ауа температурасы түнде +8...+13°C, күндіз +15...+25°С-қа дейін төмендейді. Шығыста күндіз ауа температурасы +23...+32 °C дейін біртіндеп төмендейді деп болжанды. Қалған аумақта күрт өзгеріс күтілмейді", — деп хабарлады "Қазгидромет" мамандары.

Бірнеше күн бұрын Қазақстанның оңтүстігінде 45 градусқа дейін қалыпты ыстық болады деп болжанған болатын. Бұған қоса Қазақстан аумағының басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауып, жел күшейетіні ескертілген еді.

Демалыс күндері еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, күн салқындайды деп болжанды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.