Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар облысының әкімі тоғыз күндік еңбек демалысын қайда өткізетінін айтты

Жарияланған күні:

Асайын Байханов
Асайын Байханов. Фото : instagram.com/asaiyn.baikhan

Павлодар облысының әкімі Асайын Байханов тоғыз күндік еңбек демалысына шығатынын, демалысты қайда өткізетінін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ әкімнің Instagram-дағы жеке парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Облыс әкімі лауазымындағы бір жарым жыл ішіндегі 9 күндік яғни 5 тамызға дейін еңбек демалысына шығудамын. Бұйыртса бұл күндерді отбасыммен, туыстарыммен және жақындарыммен өткізуді жоспарладым", - дейді әкім.

Өңір басшысы тұрғындар толғандырған барлық сұрақты облыстың қалалары мен аудан әкімдеріне жолдап, әкімдіктердің ресми парақшаларына жаза алатынын мәлімдеді.

Еске салайық, 2022 жылғы желтоқсан айында Павлодар облысының жаңа әкімі қызметіне Павлодар қаласы әкімінің лауазымын атқарған Асайын Байханов тағайындалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2140203-pavlodar-oblysynyng-akimi-togyz-kundik-engbek-demalysyn-qaida-otkizetinin-aitty/