Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар облысына жаңа әкім тағайындалды

Опубликовано:

Асаин Байханов
Асаин Байханов. Фото: gov.kz

Павлодар облысының жаңа әкімі қызметіне Павлодар қаласы әкімінің лауазымын атқарған Асайын Байханов тағайындалды. Тиісті жарлыққа мемлекет басшысы қол қойды, деп хабаралйды Ақорда.

"Асайын Қуандықұлы Байханов Павлодар облысының әкімі лауазымына тағайындалсын", - деп жазылған хабарламада.

Асайын Байханов Павлодар облысының Баянауыл ауданында 1978 жылы дүниеге келген. Павлодар университетін экономика және менеджмент, Ломоносов атындағы ММУ стратегиялық менеджмент және кәсіпкерлік факультетін бітірген.

Қызметтегі мансабын 2000 жылы банк саласында бастаған.

2003-2007 жылдары аралығында немістің ProCredit Holding AG банкінде түрлі басшылық қызметтерді атқарған. Осы жылдары ол Киевтегі "ПроКредит Украина" ЖАҚ атқарушы директоры лауазымында да болған.

2007 жылы елге оралып "Нұрбанк" АҚ басқарма басшысы лауазымына тағайындалған.

2009-2015 жылдары Асаин Байханов ауыл шаруашылығы саласында кәсіпкерлікпен айналысты.

2015-2020 жылдары "ҚазАгро" АҚ "ҚазАгроӨнім" АҚ басқарма басшысының орынбасары қызметін атқарды.

Ал 2020 жылдың наурыз айынан бастап Павлодар облысы әкімінің орынбасары, 2021 жылдың шілде айынан бастап Павлодар қаласы әкімі қызметін атқарды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/2000486-pavlodar-oblysyna-zana-akim-tagaiyndaldy/

pixel