Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қонаевтағы автобекет жекеменшікке өтіп кеткен: әкім мәселені зерттеуді тапсырды (фото)

Жарияланған күні:

Қонаев қаласы
Қонаев қаласы. Фото: Алматы облысы әкімдігі

Алматы облысы Қонаевтағы автобекет жеке меншікке өтіп кеткен. Сондай-ақ Қонаев қаласының әкімі Асхат Бердіханов вокзал аумағының антисанитариялық жағдайына да назар аударды. Әкім мәселені зерттеуді тапсырды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қонаев қаласының әкімі Асхат Бердіханов автобекет пен теміржол стансасының жұмысымен танысты.

"Қаладағы автобекет ғимараты бірнеше жыл бұрын жекеменшікке өтіп кеткен. Қазір бұл нысанда вокзалдан бөлек, мемлекеттік мекемелер орналасқан. Шаһар басшысы тиісті мамандарға ғимараттың қалайша жеке меншікке өтіп кеткенін, нысаналы мақсатта пайдаланып, я пайдаланылмай жатқанын тексеруді тапсырды", - делінген хабарламада.

Әкім вокзал аумағының антисанитариялық жағдайына да назар аударды. Қоқыс жәшіктері толып, жақын маңдағы "Алматы – Қонаев" пойызы қатынайтын стансадағы аялдамалардың әйнегі сынған.

Асхат Бердіханов абаттандыру ережесін бұзған азаматтарды тез анықтау үшін бейнебақылау камераларын орнатуды тапсырды.

Қонаев қаласы
Қонаев қаласы. Фото: Алматы қаласы әкімдігі

Содан соң қала басшысы теміржол стансасына барды. Бұл нысан "Қазақстан теміржолы" АҚ-ның иелігінде.

Компания өкілінің сөзінше, бүгінде Қонаевта жаңа станса салуға халықтан сұраныс жоқ. Себебі Алматы – Өскемен, Қонаев – Қарағанды күре жолдары арқылы көлікпен қатынайтындар көп. Сондай-ақ тұрғындар ел ішінде пойызбен жүру үшін көбіне Алматыға барады.

Шаһар басшысы қандай жағдай болмасын, станса өз деңгейінде қызмет ету керек екенін баса айтты.

"Тұрғындар түнде жарық болмайтынына үнемі шағымданады. Жолаушылар пойыздан түскенде қауіпсіздік үшін алаңдамауға тиіс. Бұл проблема жақын арада шешілсін. Бейнебақылау камераларын орнатып, ғимараттың жан-жағын қоқыстан тазалау қажет", - деді Асхат Бердіханов.

Қонаев қаласы
Қонаев қаласы. Фото: Алматы облысы әкімдігі

Сонымен қатар әкім жеке кәсіпкердің мәселесін тыңдау үшін Сейфуллин көшесінің бойында орналасқан дүкенге барғн. Ол абаттандыру жобасына сәйкес, дүкен аумағында тұрақ болмайтынына шағымданған кәсіпкерге жобаның жүзеге асуы жайында түсіндірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2141199-qonaevtagy-avtobeket-zhekemenshikke-otip-ketken-akim-maseleni-zertteudi-tapsyrdy-foto/