jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Қазақстанда алдағы күндері ауа температурасы 41 градусқа дейін көтеріледі деп болжанды

суға шомылып жатқан кептерлер
Суға шомылып жатқан кептерлер. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алдағы күндері Қазақстанда 41 градусқа дейін қатты ыстық болады деп болжанды. Сондай-ақ бірқатар өңірде өткінші жаңбыр жауады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Қазгидромет" синоптиктерінің мәліметі бойынша, батыс антициклонының ықпалына қарамастан, республиканың солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығыс облыстарында өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнап, жел күшейеді.

Бұдан бөлек республиканың қиыр солтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы тауларда қатты жаңбыр, бұршақ жауып, бұрқасын күтіледі.

Метеорологтар Сарыарқа даласында және республиканың оңтүстігіндегі шөлді аймақтарында ауа райы жауын-шашынсыз болады деп болжады.

Республиканың батысында, орталығында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында күндіз қатты ыстық сақталады. 1 тамызда кей аудандарда +41 градусқа дейін өте қатты ыстық күтіледі.

Еске салайық, синоптиктер Астанада тамыздың басы жаңбырлы болады деп болжады.

Сондай-ақ мамандардың мәліметінше, осы аптада Шымкентте күн 43 градусқа дейін ысиды.

Ал Алматыда шілденің аяғы жаңбырлы болады деп болжанды.

Қазақстанда алдағы күндері ауа температурасы 41 градусқа дейін көтеріледі деп болжанды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.