Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Антикор бұрынғы полиция қызметкеріне іздеу жариялады

Жарияланған күні:

Әділ Бақыт
Әділ Бақыт. Фото: t.me/antikornews

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаменті Сәтбаев қаласы полиция басқармасының бұрынғы жедел уәкіліне іздеу жариялаған. Бұл туралы Антикор Telegram-дағы арнасында хабарлады.

Антикор ақпаратынша, Сәтбаев қаласы ПБ бұрынғы жедел уәкілі Бақыт Әділ Есенжолұлына іздеу жарияланған. Ол 2000 жылы 25 шілдеде Қарағанды облысында туған.

Ол Қылмыстық кодекстің 362-бабы 4-бөлігі 3-тармағында көзделген ауыр қылмыс жасады деген күдікке ілінген.

Бұлтартпау шарасы – "Қамауда ұстау".

І"здеу салынған адам анықталған жағдайда немесе оның болуы ықтимал орны туралы қандай да бір ақпарат алынған кезде, іздестіру бастамашысын Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаментіне (мекен – жайы Жезқазған қ., Құрманбаев көшесі 15) мына телефондар бойынша хабарлауды сұраймыз: 8 (7102) 72-12-31 Кезекші бөлім, іздестіру тобы, 8-771-192-44-20, 8-775-912-87-07 ұялы телефоны, (немесе kb.ulytau@antikor.gov.kz электрондық поштасына жазу).

Іздеуде жүрген адамды ұстауға ықпал ететін ақпарат бергені үшін, сыйақы және анонимділік тұрғысынан кепілдік беріледі", - делінген хабарда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2141476-antikor-buryngy-politsiia-qyzmetkerine-izdeu-zhariialady/