Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Найзағай, бұршақ, қатты ыстық: еліміздің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Жарияланған күні:

Найзағай жарқылы
Найзағай жарқылы: freepik.com

Синоптиктер еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады – көптеген өңірде қатты ыстықтан өрт қаупі сақталады, найзағай ойнайды. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

30 шілдеде Қостанай облысының батысында, шығысында, орталығында найзағай ойнайды деп болжанды. Түнде және таңертең облыстың батысында, шығысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Ертең Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында найзағай ойнайды деп болжанды, күндіз облыстың солтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс бағытқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с болады. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35-38 градус қатты ыстық сақталады.

Сейсенбі Атырау облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады. Күндіз 35-36 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстік бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

30 шілдеде Ақтөбе облысында батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 16 м/с болады. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35-36 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, орталығында жоғары өрт қауіпі сақталады.

Ертең Қызылорда облысында жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде күші 15-20 м/с болады деп болжанды. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың орталығында, оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Ертең күндіз Жетісу облысының орталығында, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың орталығында, шығысында екпіні 15-20 болады, күндіз облыстың шығысында кей уақыттарда 23-28 м/с болады. Күндіз облыстың басым бөлігінде 35-37 градус қатты ыстық сақталады.

Сейсенбі Түркістан облысының тауында найзағай ойнайды деп болжанды. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың таулы аудандарында, күндіз солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында 15-20 м/с болады. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі (5 класс) сақталады.

30 шілдеде түнде Абай облысының солтүстігінде, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде, орталығында найзағай күтіледі. Жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында 15-20 м/с болады. Күндіз облыстың оңтүстігінде 37 градус қатты ыстық сақталады.

Ертең Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с болады. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық күтіледі.

Сейсенбі күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады. Күндіз облыстың оңтүстігінде 35 градус қатты ыстық күтіледі.

30 шілдеде түнде Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады, күндіз күші 15-20, облыстың оңтүстігінде екпіні 23 м/с болады.

Ертең Ұлытау облысында солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады деп болжанды. Күндіз облыстың батысында 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қауіпі, облыстың батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Сейсенбі күндіз, 31 шілдеде тәулік бойы Жамбыл облысының таулы аудандарында найзағай ойнайды деп болжанды. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығыс желіне ауысады, күндіз 30, тәулік бойы 31 шілдеде облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда 15-20 м/с болады. 31 шілдеде облыстың солтүстік-батысында 38 градус қатты ыстық күтіледі. 30-31 шілдеде облыстың басым бөлігінде жоғары, облыстың солтүстік-батысында, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қауіпі күтіледі.

Ертең Ақмола облысының батысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады деп болжанды.

30 шілдеде Қарағанды облысының солтүстік-батысында, батысында, оңтүстігінде жоғары өрт қауіпі сақталады.

30-31 шілдеде Маңғыстау облысының басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2141569-naizagai-burshaq-qatty-ystyq-elimizding-basym-boliginde-aua-raiyna-bailanysty-eskertu-zhariialandy/