Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

20,1 млрд теңге бөлінген: Түркістанда апатты мектептер мәселесі қалай шешіліп жатыр

Жарияланған күні:

Мектеп іші
Мектеп іші. Көрнекі сурет: pixabay.com

Түркістан облысында бюджет қаржысын тиімді жұмсау және үнемдеудің нәтижесінде білім беру нысандарының инфрақұрылымы жақсарып жатыр. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Түркістан облысының әкімдігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Түркістан облысы әкімі аппаратының апталық мәжілісінде білім саласындағы түйткілдер айтылып, орта білім беру ұйымдарының ғимараттарын күрделі жөндеуден өткізу жұмыстарының барысы талқыланды. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды білім нысандарын жаңа оқу жылына даярлау, оқушылар қауіпсіздігін сақтау, білім саласындағы инфрақұрылымды жақсарту жұмыстарын жандандыра түсуді тапсырды.

"Жөндеу жүргізіліп жатқан мектептер 1 қыркүйекте толық дайын болуға тиіс. Құрылыс және жөндеу жұмыстарын тұрақты қадағалаңыздар. Мердігерлермен тиісті жұмыс жүргізілсін. Проблемасы бар нысандарды аудан, қала әкімдері де зерделеп, тұрақты бақылауға алсын. Жұмыстар уақтылы аяқталуы керек. Білім ұяларының қазандықтарын газға ауыстыру, қауіпсіздігін нығайту, оқушыларды оқулықпен қамту, тасымалдау, ыстық тамақпен қамту және өзге де жұмыстар сапалы атқарылсын", - деді Дархан Сатыбалды.

Облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Жандос Маханбетовтің айтуынша, өңір әкімінің тікелей қолдауымен биыл облыстағы 321 білім мекемесінде жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Оған жалпы құны 20,1 млрд теңге бөлінген.

Облыста төрт апатты және 5 үш ауысымды мектеп анықталды. Төрт апатты мектептің құрылысы басталған, жыл соңына дейін үш мектеп пайдалануға беріледі деп жоспарланған. Өңірдегі 5 үш ауысымды мектепке қажетті қосымша ғимараттардың құрылысы да қолға алынған, жыл соңына дейін пайдалануға беріледі деген болжам бар.

Облыстағы 1279 мемлекеттік білім нысанының 63-і орталықтандырылған жылу жүйесі арқылы, 1216-сы автономды жылыту қазандықтары арқылы жылытылады. Аталған білім нысандарының 84 пайызы немесе 1074-і сығымдау жұмыстарынан өткізіліп, 51,9 пайызы немесе 664-іне жылу маусымына дайындық актілері берілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2141721-20-1-mlrd-tengge-bolingen-turkistanda-apatty-mektepter-maselesi-qalai-sheshilip-zhatyr/