Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Отандық бағдарламада күйеуінен қорлық көргенін айтқан әйелге көпшілік үш бөлмелі үй алып берді

Жарияланған күні:

кілт
Кілт. Көрнекі фото: pixabay.com

Күйеуінен 18 жыл бойы зорлық-зомбылық көрген көпбалалы Гүлмира Смаилова елордадан баспана алды. Бұл туралы әйел паналаған дағдарыс орталығының өкілдері хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қуанышты хабар дағдарыс орталығы Instagram-дағы парақшасында жарияланды. Орталық ақпаратынша, Гүлмира Смаилова ауданы 55 шаршы метрді құрайтын үш бөлмелі пәтердің иесі атанды.

Көпбалалы ананы баспанамен қамтамасыз етуге көпшілік атсалысқан.

"Бұл дағдарыс орталығымызда 19 жылда болған алғашқы жағдай және оның сәтті аяқталғаны қуантады. Алайда сіздердің қолдауларыңыз болмаса, мұның бірі де болмас еді. Біз бей-жай қарамай, атсалысқан барша жанға алғысымызды білдіреміз", - деді дағдарыс орталығының өкілі.

Айта кетейік, бұған дейін телеарналардың біріндегі бағдарлама дау шыққанын жазған едік. Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбаны бағдарламаға қонақ болған. Ток-шоу редакторлары әйелге студияға күйеуі келмейтінін айтып, бет-әлпетін көрсетпеуге уәде берген. Алайда эфир кезінде студияға күйеуі кіріп келген.

Белгілі болғандай, шымкенттік әйелді ішімдікке салынған күйеуі ұрып, қолын сындырған. Шыдамы таусылған әйел кейін балаларын алып, Шымкенттен Астанаға кетіп қалады. Кішкентай үйді жалдап, жұмыс істеген, алайда үш ай бұрын күйеуі оны тауып алып, мас болып келіп жанжал шығарған. Көршілері полиция шақырып, әйел осы орталықты паналап келген.

Бағдарлама төңірегіндегі даудан кейін мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева ток-шоу жабылатынын мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2141736-kuieuinen-18-zhyl-zorlyq-korgen-alty-balanyng-anasy-baspanaly-boldy/