Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жарақат алған турист ШҚО-дағы Мұзтау етегінен тікұшақпен эвакуацияланды

Жарияланған күні:

Құтқарушылар Мұзтау етегінде қалып қойған әйелді құтқарды
Құтқарушылар Мұзтау етегінде қалып қойған әйелді құтқарды. Фото: ТЖМ

Құтқарушылар ШҚО тауларында жарақат алған әйелді эвакуациялады. Турист жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қатон-Қарағай ауданында Мұзтау тауының етегінде серуендеу кезінде туристік топ құрамында 1973 жылы туған әйел аяғын жарақаттап алып, өз бетінше таудан түсе алмады.

Әйел медициналық көмек пен тасымалдауға мұқтаж болған.

Оқиға орнына ТЖМ "Қазавиақұтқару" тікұшағы, апаттар медицинасы орталығының құтқарушылары мен дәрігерлерінің ұшуы ұйымдастырылды.

Зардап шеккен туристке алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, Өскемен қаласына эвакуацияланды және жедел медициналық жәрдем қызметкерлеріне тапсырылған.

Айта кетейік, Жетісу облысында катамаранда отырған үш туристі жел ұшырып әкетіп, оларды құтқарушылар аман алып қалған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2141841-zharaqat-algan-turist-shqo-dagy-muztau-eteginen-tikushaqpen-evakuatsiialandy/