Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жетісу облысында катамаранда отырған үш туристі жел ұшырып әкетті

Жарияланған күні:

Катамарандағы туристер
Алакөл. Катамарандағы туристер. Видеодн кадр: ТЖМ

Жетісу облысында жел ұшырып кеткен үш турист құтқарылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ ТЖМ-ге сілтеме жасап хабарлайды.

Ведоство мәліметінше, суда катамаранмен жүзген үш азамат қайғылы жағдайға ұшырай жаздады.

"Туристер Алакөл көлінің жағалауынан алыс жүзіп кеткен, сол сәтте желдің күшеюіне байланысты демалушылар жағалауға өздігінен жете алмады.

Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары көмекке келіп, оларды жағаға жеткізді. Медициналық көмек қажет болмады", - делінген ведомство хабарламасында.

ТЖМ өкілдері тұрғындарға су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтауды еске салды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2127735-zhetisu-oblysynda-katamaranda-otyrgan-ush-turisti-zhel-ushyryp-aketti/