Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Kcell мен Activ жұмысында ақау шықты: қолданушылар байланыссыз қалды

Жарияланған күні:

Елімізде тұңғыш рет: NUR.KZ iOS-смартфондарға арналған инновациялық виджетті іске қосты
Ұялы телефон. Көрнекі сурет: NUR.KZ

Желіде қазақстандықтар Алматы мен Астанада Kcell және Activ ұялы байланысында ақау шыққанын хабарлады. Компания өкілдері бұл жайтқа пікір білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қазақстанда ұялы байланыс операторының жұмысында ақау болды, бұл Kcell және Activ қолданушылары үшін кері әсерін тигізді.

NUR.KZ тілшісінің сұрауы бойынша компанияның баспасөз қызметі өкілдері осы жағдайға пікір білдірді.

"Кселл" АҚ Activ және Kcell желілеріндегі дауыстық байланыс пен интернет қызметтеріндегі ақауға қатысты абоненттердің шамамен 20 пайызында қызметтердің дұрыс жұмыс істемегенін хабарлайды.

Қазіргі уақытта компанияның техникалық мамандары ақаудың себебін анықтап жатыр, бұған қоса қалпына келтіру жұмыстары белсенді жүргізіліп жатыр.

Компания келтірілген қолайсыздықтар үшін абоненттерінен кешірім сұрайды", - деп хабарлады "Кселл" АҚ баспасөз қызметі.

Желіде қолданушылар оператор желісінде не жағдай болғанын талқылап жатыр. Кейбіреулер оператор қызметіне шағымданcа, енді бірі әзілге айналдырған.

"Кеше актив – бүгін пассив". "Жұмысты енді бастап едім, байланыс жоқ, менде Kcell", "Менде үрей", "Интернет те, байлныс та жоқ", "Интернетсіз 2 сағат", - деп жазады қазақстандықтар Telegram-да.

Еске салайық, биыл ақпан айында ұялы байланыс операторларының өкілдері Қазақстанда ұялы байланыс пен интернетте неліктен мәселелер барын түсіндірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2142072-kcell-men-activ-zhumysynda-aqau-shyqty-qoldanushylar-bailanyssyz-qaldy/