Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"39 елді мекенде ұялы байланыс жоқ": Түркістан облысында "Қолжетімді ғаламтор" ұлттық жобасы бұл мәселені шешуде

Жарияланған күні:

Әлеуметтік желілер
Әлеуметтік желілер, Көрнекі фото: pixabay.com

Бұл туралы Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы Марат Айнабеков брифингте айтты. Түйткілді мәселені шешуге "Қолжетімді ғаламтор" жобасы көмекке келмек, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Түркістан облысы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомствоның ресми сайтында хабарланғандай, Түркістан облысы аумағындағы 829 ауылдық елді мекеннің 690-ында 4G және 3G мобильді интернет желісі бар. Қалған 139 елді мекеннің 100-і 2G мобильді байланыс желісімен қамтылған. Ал 39 елді мекенде ұялы байланыс мүлдем жоқ. Қазіргі уақытта орталық атқарушы органдармен "Қолжетімді ғаламтор" ұлттық жобасы аясында елді мекендерді талшықты-оптикалық байланыс желілерімен қамту жүргізілуде.

"Облыс аумағына тиесілі 650 шақырым республикалық және негізгі облыстық жолдарды толығымен мобильді интернет желісімен қамту мақсатында қосымша 14 базалық станция орнату үшін "Кселл" АҚ-мен келісімшарт жұмыстары жүргізілуде.

Бұдан бөлек, өңірдегі Түркістан қаласы әкімдігі, "Конгресс Холл" сарайы, "Түркістан Арена" стадионы, автовокзал, "Фараб" кітапханасы, "Батыр" жастар сарайы, Керуен сарай, Түркістан қаласының әуежайы және "Rixos" қонақүйі сияқты маңызды туристік нысандарында 5G мобильді интернеті іске қосылған. Сондай-ақ Түркістан облысына қарасты 911 мемлекеттік мектептің барлығы интернет желісімен қамтылған", - деді Түркістан облысының цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы Марат Айнабеков.

Облыста қоғамдық қауіпсіздік қамтамасыз ету мақсатында 912 жалпы бейнебақылау камералары бар. Одан бөлек, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін 179 нүктеде аппараттық-бағдарламалық кешендер іске қосылған. Биыл қосымша 50 аппараттық-бағдарламалық кешен ("Сергек", "Мерген") мен 200 бейнебақылау камераларын орнату жоспарлануда.

Басқарма тарапынан сондай-ақ "2GIS" компаниясымен Түркістан қаласының автопаркінің барлық автобустарына GPS трекер орнату бойынша келіссөздер жүргізіліп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2142429-39-eldi-mekende-uialy-bailanys-zhoq-turkistan-oblysynda-qolzhetimdi-galamtor-ulttyq-zhobasy-bul-maseleni-sheshude/