jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ҚТ
Қаламқас Төре
Бұрынғы қызметкер

2 млрд теңге залал келтірді: полиция астаналықтарға алаяқтар туралы ескертті

Ұялы телефон ұстап тұрған адам.
Ұялы телефон ұстап тұрған адам. Көрнекі фото: pixabay.com

Астана тұрғындарына жалған аккаунт ашып, өздерін мемлекеттік мекеме басшыларымыз деп таныстыратын алаяқтар туралы ескертілді. Олардан келген шығын қазірдің өзінде 2 миллиард теңгеден асты, деп хабарлайды әкімдікке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Астана қаласының полиция департаментінің өкілдері алаяқтар мессенджерлерде жалған аккаунттар ашып, өздерін мемлекеттік, квазимемлекеттік және басқа да ірі коммерциялық мекемелердің басшылары ретінде таныстырып, адамдарды алдап соғатынын айтты.

"Алаяқтық схемаға сәйкес, олар өздерін ҰҚК қызметкерлері ретінде таныстыра отырып, олардың банктік шоттары арқылы террористік ұйымдарды қаржыландыру фактісі анықталғанын хабарлайды, содан кейін қорқыту арқылы ақшаны банк шоттарына аударуды немесе қолма-қол ақшаны құқық қорғау органдарының қызметкерінің қолына беруді сұрайды.

Осыған байланысты азаматтардан абай болуды, белгісіз абоненттік нөмірлермен диалогқа түспеуді, сондай-ақ ешбір жағдайда белгісіз банктік шоттарға ақша аудармауды және бөгде адамдарға бермеуді сұраймыз. Барлық күдікті фактілер туралы дереу полицияның "102" нөміріне хабарлауды сұраймыз", - делінген полиция департаментінің хабарламасында.

Айта кетейік, биыл елорда аумағында 2500-ден астам интернет-алаяқтық тіркеліп, 505 қылмыстық құқық бұзушылық анықталды. Азаматтарға келтірілген залал 2 млрд теңгеден асады.

2 млрд теңге залал келтірді: полиция астаналықтарға алаяқтар туралы ескертті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.