Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жасанды интеллект қазақстандық прокурорларға соттағы сөзін дайындауға көмектеседі

Жарияланған күні:

Компьютер алдында отырған роботтар
Жасанды интеллект. Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстандық прокурорларға сотта сөз сөйлеуге көмектесетін модуль әзірленді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Kazinform ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Біздің жұмысымызда басымдық бері­ле­тін бағыттардың бірі — Бас проку­ратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi комитетiнің әлеуетін арттыру. Аталған комитет жаңа цифрлы және инновация технологияларды енгізу, жа­­сан­ды интеллектті қолдану бойын­ша үлкен жұмыстар жасап жатыр. Про­­­­ку­­­рордың соттағы сөзін дайындау үшін жа­­санды интеллект технологиясын қол­­данатын инновациялық модуль әзірленді", — деді Бас прокуроры Берік Асылов. 

Оның айтуынша, қылмыстық және әкімшілік сот өн­дірістері, тексерулер тағайындау, аза­мат­тардың өтініштеріне қарау цифрланды. Әкімшілік құқық бұзушылықтардың бірыңғай тізілімі, Тексеру субъектілері мен объектілерінің бірыңғай тізілімі, "Талдау орталығы", "Құқық қорғау, арнайы және басқа да органдардың ақпарат алмасу жүйесі" және "Қадағалау" БАТЖ жасалып, жұмыс атқарылып жатыр.

Бұған дейін Берік Асылов елде 200 мыңнан астам күдікті банк операциялары мен ірі депозиттерге жасалған келісімшарттар тексеріліп жатқанын айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2142748-zhasandy-intellekt-qazaqstandyq-prokurorlarga-sottagy-sozin-daiyndauga-komektesedi/