Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"40 мыңға жуық тұрғынның қауіпсіздігін қамтамасыз етеді": Түркістан облысында тағы бір өрт сөндіру бекеті ашылды

Жарияланған күні:

Өрт сөндіру бекетінің ашылуы
Өрт сөндіру бекетінің ашылуы. Фото: instagram.com/turkistan_oblysy

Жетісай ауданы Қызылқұм ауылдық округіне қарасты 40 мыңға жуық тұрғыны бар Датқа елді мекенінде өрт сөндіру бекеті ашылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Түркістан облысы әкімдігінің Instagram-дағы ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Жетісай ауданы Қызылқұм ауылдық округіне қарасты Датқа елді мекенінде Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті "Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" республикалық мемлекеттік мекемесінің №42 өрт сөндіру бекеті ашылды.

Ғимараттың ашылу салтанатына Жетісай ауданының әкімі Серік Мамытов пен Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі Әскер Сарбатов, төтенше жағдай саласының ардагерлері мен аудандық бөлімнің жеке құрамы, ауыл тұрғындары қатысты.

Салтанатты лента қию рәсімінен соң қонақтар өрт сөндіру бекетінің ішін аралап көрді. Қызылқұм, Абай, Мақталы және Атамекен ауылдық округтерінің 40 мыңға жуық тұрғынның өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге деген қажеттіліктен туындаған өрт сөндіру бекетін іске қосу үшін соңғы бірнеше жылда пайдаланылмай тұрған ғимаратқа күрделі жөндеу жүргізілген.

Арнайы байланыс құралдарымен, демалыс бөлмесімен және оқу-жаттығу кабинетімен жабдықталған. Бекетте 2 өрт сөндіру автокөлігі, 13 өрт сөндіруші қызмет атқарады.

Бұған дейін аудандағы 2 өрт сөндіру бекетінде 5 техника мен жеке құрамда 70 қызметкер қызыл жалынды ауыздықтап келген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2142969-40-myngga-zhuyq-turgynnyng-qauipsizdigin-qamtamasyz-etedi-turkistan-oblysynda-tagy-bir-ort-sondiru-beketi-ashyldy/