Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда халық саны тағы артты: қазақстандықтар қанша адамға көбейген

Жарияланған күні:

Халық саны
Халық саны. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

1 шілдедегі мәлімет бойынша, Қазақстанда 20 159 707 адам өмір сүреді, халық санының жалпы өсімі 126 мың адамға көбейген. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап хабарлайды.

Ұлттық статистика бюросының сайтында 2024 жылғы 1 қаңтар мен 1 шілде аралығындағы Қазақстан халқының саны туралы мәліметтер жарияланды.

1 шілдедегі мәлімет бойынша, елімізде 20 159 707 өмір сүреді. 1 қаңтардағы көрсеткіштен бері елімізде халық саны 125 865 адамға көбейген. Табиғи өсім 118 576 адамға жеткен.

Соңғы мәліметтер бойынша, Алматыда 2 258 253 адам тұрады, осылайша мегаполис елдегі ең көп халық қоныстанған қала мәртебесін сақтап тұр. Бюро дерегіне сүйенсек, қазіргі таңда Астанада 1 472 027 адам тұрады. Еліміздегі халық жиі шоғырланған өңірдің бірі – Түркістан облысы, бұл аймақта 2 150 796 тұрғын тіркелген.

Сондай-ақ Шымкент қаласында, Алматы, Жамбыл және Қарағанды облыстарында бір миллионнан астам адам тұрады.

Бюроның анықтамасы бойынша, халық саны елдің белгілі бір аумағында тұрақты тұратын адамдардың санымен есептелген.

Бюро мәліметінше, нәтижелер соңғы халық санағы бойынша есептеледі, оған туғандар мен белгілі бір аумақта тұрақты тұруға келгендер, жыл сайын/ай сайын және қайтыс болғандар мен белгілі бір аумақтан көшіп, уқытша тіркелгендер саны қосылады

Еске салсақ, 2024 жылғы 1 маусымдағы мәлімет бойынша елімізде 20 139 914 адам өмір сүрген.

Елорда күні қарсаңында Ұлттық статистика бюросы мегаполис халқының саны, астаналықтардың өмір сүру ұзақтығы және қаладағы ерлер мен әйелдердің саны туралы мәліметтерді жариялады.

2023 жылғы 16 қарашада Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын айтулы оқиғамен құттықтады: елдегі халық саны 20 миллион адамға жетті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2143137-qazaqstanda-halyq-sany-tagy-artty-qazaqstandyqtar-qansha-adamga-kobeigen/