Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістанда Абай күніне арналған онкүндік өтіп жатыр

Жарияланған күні:

Абай онкүндігі
Абай күніне арналған шаралар. Фото: gov.kz

Абай күні қарсаңында Түркістан облыстық "Фараб" әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен іс-шаралар өткізіліп жатыр. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ облыстық мәдениет басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Бүгін Абай күні қарсаңында Түркістан облыстық "Фараб" әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен іс-шаралар өткізу жоспарланып отыр. Онкүндіктің ашылу іс-шарасында сөз алған кітапхананың әдістемелік-инновациялық дамыту бөлімінің меңгерушісі Дана Байдәулетова атаулы күннің маңызына тоқталды.

"Шара барысында Түркістан қалалық балалармен жасөспірімдер шығармашылығы орталығының көркем сөз үйірмесіне қатысушылар Абай Құнанбайұлының өлеңдерін жатқа оқыды. Сондай-ақ келушілерге арнайы жасақталған "Абай мұрасы – халық ұлағаты» тақырыбындағы кітап көрмесі таныстырылды", - дейді Түркістан облысы мәдениет басқармасының баспасөз қызметінен.

Әрі қарай жоспар бойынша күнделікті іс-шараларға ұласып, 10 тамызға дейін жалғасады:

  • 1 тамыз – "Қазақтың дара туған данасы» – онкүндіктің ашылуы;
  • 2 тамыз – "Абай мұрасы – халық ұлағаты» тақырыбында кеңейтілген кітап көрмесі алдында Абай өлеңдерін насихаттау;
  • 3 тамыз – "Біз Абайды білеміз бе?" әлеуметтік желілердегі танымдық сауалнама;
  • 4 тамыз – "Абай — әлем әдебиетінде" кітапхана оқырмандары арасында викториналық сұрақ;
  • 5 тамыз – "Табиғат, таң қаламын тамашаңа" атты Абай шығармалары бойынша сурет байқауы;
  • 5 тамыз – "Табиғат, таң қаламын тамашаңа" атты Абай шығармалары бойынша сурет байқауы;ларын насихаттау;
  • 7 тамыз – "Абай даналығы – халық мұрасы" тақырыбында ғылыми конференция;
  • 8 тамыз – "Абай үні, Абай лебі", "Оқырман іздейміз" жобасы аясында Абай оқулары;
  • 9 тамыз – "Абайдың сөзі – қазақтың бойтұмары" — Абай қара сөздерін насихаттау;
  • 10 тамыз – "Қазақтың дара туған данасы" онкүндіктің жабылуы. Абай ескерткішіне тағзым!

Айта кетейік, ҚР Үкіметінің Қаулысымен 2020 жылы 10 тамыз – Абай күні болып белгіленді. Сол жылы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы аталып өтті. Еліміздің мерекелік күнтізбесіне енген дәл осы күні әр өңірде шығармаларын насихаттайтын түрлі әдеби-мәдени шаралар ұйымдастырылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2143258-turkistanda-abai-kunine-arnalgan-onkundik-otip-zhatyr/