Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда тамыз айында ауа райы қандай болады

Жарияланған күні:

Читать на русском
Жаз мезгілі
Жаз мезгілі. Көрнекі фото: pixabay.com

Синоптиктер тамыз айына арналған ауа райы болжамын жариялады. Жаздың соңғы айында күн райы құбылмалы болады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Қазақстанның басым бөлігінде тамыз айы ауа райының құбылуымен басталады. Күн күркіреп, өткінші жаңбыр жауады. Кей өңірлерде нөсер жаңбыр, бұршақ жауып, екпінді жел соғуы мүмкін.

Тамыздың алғашқы 10 күнінде ауа температурасында мынандай өзгерістер болады деп болжанды:

  • солтүстікте, республика орталығында: түнде - +13...+18 градустан +17...+22 граудусқа, күндіз +20...+25 градустан +25... +30 градусқа;
  • оңтүстік облыстарда +35 градусқа дейін;
  • республиканың батысында: түнде +15...+20 градустен +20...+25 градусқа дейін, күндіз +28...+33 градустан +36...+41 градусқа дейін;
  • оңтүстікте және оңтүстік-шығыста: түнде - +18...+23 градустан +22...+27 градусқа дейін, күндіз +29...+36 градустан +35...+43 градусқа дейін;
  • шығыс облыстарда: түнде +12...+18 градустан +15...+23 градусқа дейін, күндіз +23...+30 градустан +28...+35 градусқа дейін көтеріледі.

Тамыздың екінші және үшінші онкүндігінде ыстық күндер салқын және жаңбырлы күндерге ауысады, кей уақытта найзағай ойнап, бұршақ жаууы ықтимал.

Синоптиктердің болжамынша, негізгі ауа температурасын мынадай болады:

  • батыс аймақтарда: түнде +10...+20 градусқа дейін, күндіз +20...+30 градусқа дейін, кей күндері ауа температурасы түнде +20... +25 градус, күндіз +35...+41 градусқа дейін жетеді;
  • солтүстік облыстарда ауа температурасы түнде +13...+18 градустан +5...+10 градусқа дейін, күндіз +28...+33 градустан +15...+20 градусқа дейін төмендейді;
  • республиканың орталығы мен шығысында ауа температурасынд өзгеріс болып, түнде +13...+18-ден +7...+12 градусқа дейін, күндіз +24...+29-дан +19... +24 градус, кей күндері ауа температурасы түнде +4...+9 градусқа дейін, күндіз +16...+21 градусқа дейін төмендейді;
  • республиканың оңтүстік-батысында, оңтүстік облыстарында ауа температурасы түнде +15...+20 градустан +9...+14 градусқа дейін, күндіз +32...+37 градусқа дейін жетеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2143272-qazaqstanda-tamyz-aiynda-aua-raiy-qandai-bolady/