jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
ҚТ
Қаламқас Төре
Бұрынғы қызметкер

Астана әуежайында SCAT әуе компаниясы ұшағының фюзеляжына зақым келді

Scat әуе компания
Фото: facebook.com/scat.airlines

Астана әуежайында техника SCAT әуе компаниясына тиесілі ұшақтардың бірінің фюзеляжын зақымдады. Осыған байланысты кейбір рейстердің кестесін өзгертуге тура келді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Әуежай техникасы ұшақтардың бірінің фюзеляжына зақым келтірді. Салдарынан бір ұшақ істен шығып, компания кейбір рейстердің кестесін өзгертуге мәжбүр", - деп хабарлады SCAT өкілі.

Бұл оқиғаға қатысты Астана әуежайының баспасөз қызметі де NUR.KZ тілшісіне пікір білдірді.

"Елорда әуежайында SCAT әуе компаниясына тиесілі Boeing ұшағының фюзеляжының зақымдануы туралы хабарламаға байланысты, жан-жақты тергеу жүріп жатқанын хабарлаймыз.

Әуежай мамандары оқиғаның мән-жайын түсіну үшін авиакомпания өкілдерімен тығыз жұмыс істеуде", - делінген хабарламада.

Үлкен ресейлік энциклопедиясының сайтындағы ақпаратқа сәйкес, фюзеляж - экипажды, жолаушыларды, жүктер мен жабдықтарды орналастыруға арналған, сонымен бірге қанат, құйрықты, шассиді, электр станциясын бекітуге қызмет ететін ұшақтың негізгі бірлігі.

Астана әуежайында SCAT әуе компаниясы ұшағының фюзеляжына зақым келді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.