Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астана әуежайындағы оқиғаға байланысты SCAT рейстерінің кестесі өзгертілді

Жарияланған күні:

Шабадан
Әуежайдағы шабадан. Көрнекі фото: pixabay.com

Boeing 737 ұшағының фюзеляжының зақымдануына байланысты SCAT әуе компаниясы Астанадан ұшатын 20 рейстің кестесін өзгертті. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

SCAT әуекомпаниясы рейстер кестесін өзгертуге мәжбүр болғанын түсіндіреді.

Астана әуежайында әуежай қызметкерлері SCAT Boeing 737 ұшағының фюзеляжына зақым келтіруіне байланысты әуе компаниясы 20 рейс бойынша ұшу кестесін өзгертуге мәжбүр болды", - деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

Тасымалдаушы жолаушыларды түсіністікпен қарауды және SMS-хабарламаларға назар аударуды немесе SCAT.kz сайтында рейс кестесін тексеруді сұрайды.

Еске салсақ бұған дейін Астана әуежайында техника SCAT әуе компаниясына тиесілі ұшақтардың бірінің фюзеляжын зақымдалғанын хабарлаған едік.

Бұл оқиғаға қатысты Астана әуежайының баспасөз қызметі де NUR.KZ тілшісіне пікір білдірген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2143356-astana-auezhaiyndagy-oqigaga-bailanysty-scat-reisterining-kestesi-ozgertildi/