Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алакөлде құлаған дельтаплан: зардап шеккен қыздың туыстары қазақстандықтардан көмек сұрады (видео)

Жарияланған күні:

Алакөлде дельтаплан суға құлап кетті
Алакөлде дельтаплан суға құлап кетті. Фото: ТЖМ

Алакөлде гидропланмен құлап, зардап шеккен талдықорғандық қыздың туыстары көпшіліктен көмек сұрады. Туыстарының сөзінше, гидроплан иесі кәсіппен айналысқанын жоққа шығарған, деп хабарлайды Almaty.tv телеарнасы.

Телеарна мәліметінше, Алакөлде зардап шеккен Баянның туыстары көпшіліктен апатқа ұшыраған жеңіл ұшаққа мінгендерден сурет, бейнежазба, қызмет ақысын төлеген түбіртек болса, жолдауын өтінді.

Зардап шеккен қыздың әпкесінің сөзіне сенсек, гидроплан иесі кәсіппен айналысқанын жоққа шығарған. Ал Баян апат болатын күні көлге отбасымен бірге барған. Оқиға анасының, әпкелерінің көз алдында болған.

Жеңіл ұшаққа әуеден көлді көріп қайтамын деп мініп, аурухана төсегіне таңылған қыздың жағдайы ауыр. Ол тіпті жүре алмайды.

Дәрігерлердің айтуынша, оның миы шайқалып, көзіне зақым келген, бет сүйегі, аяғы сынып, тізесі жараланған.

"Ұшқыш кінәлі. Ешқандай келісім бермедім, ол ұшпауы керек еді" дейді. Бірақ Алакөлде демалғандар оның бағасын, қызмет көрсеткенін біледі. Көпшіліктен ұшаққа отырса, төлем жасаса, хабарласуын өтінемін. Ешкім жауапкершіліктен қашпауы керек. Тәртіп, әділеттік орнауға тиіс", - дейді зардап шеккен қыздың әпкесі.

Туыстары оған "бір емес, бірнеше күрделі операция жасалуы керек" деп отыр. Бүгінде ол санитарлық авиациямен Талдықорғанға жеткізілген, облыстық ауруханада ем қабылдап жатыр.

Айта кетейік, 25 шілдеде Жетісу өңірінде адамдар мінген дельтаплан Алакөлге құлап кеткенін хабарлаған едік. Оны құтқарушылар патрульдеу кезінде тапқан болатын.

Сонымен қатар Жетісу облыстық денсаулық сақтау басқармасы өкілдері Алакөлде дельтаплан апатынан зардап шеккендердің жағдайы ауыр екенін мәлімдеген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2143447-alakolde-qulagan-deltaplan-zardap-shekken-qyzdyng-tuystary-qazaqstandyqtardan-komek-surady-video/