Алакөлде дельтаплан құлады: дәрігерлер зардап шеккендердің жағдайын айтты
Жарияланған күні:
Жетісу облыстық денсаулық сақтау басқармасының дәрігерлері Алакөлде дельтаплан апатынан зардап шеккендердің жағдайын айтты. Жәбірленушілердің жағдайы ауыр деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Жетісу облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі NUR.KZ тілшісіне дельтаплан құлап, зардап шеккендердің жедел жәрдем көлігімен Алакөл аудандық орталық ауруханасына жеткізілгенін хабарлады.
"Жәбірленушілердің жағдайы ауыр, олар жансақтау бөліміне жатқызылды. Шокқа қарсы терапия және толық клиникалық диагностикалық аспаптық тексеру жүргізілуде. Талдықорғаннан нейрохирург пен травматолог жіберілді. Ауруханада науқастарды емдеуге қажетті барлық дәрілер бар", - делінген ведомство хабарламасында.
Жетісу өңірінде адамдар мінген дельтаплан Алакөлге құлап кеткенін хабарлаған едік. Оны құтқарушылар патрульдеу кезінде тапты.
Айта кетейік, Жетісу облысындағы Алакөл жағалауында екі бала жоғалып, олар демалыс аймағынан кетіп қалған. Құтқарушылар іздестіру операциясы барысында балаларды демалыс орнынан 1,5 шақырым қашықтықта көлдің жағалауында тапты.
Ақтөбе облысында "Дельтаплан" ұшу-аппараты апатқа ұшырап, ұшқыш қаза тапқан еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/2139922-alakolde-deltaplan-qulady-darigerler-zardap-shekkenderding-zhagdaiyn-aitty/