Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Абай облысында тағы да орманнан өрт шықты (видео)

Жарияланған күні:

Орман өртенді
Өртсөндірушілер орман өртін сөндіріп жатыр. Фото: ТЖМ

Кеше, 1 тамызда Абай облысындағы орманда ірі өрт болды. "Семей орманы" резерватының аумағындағы өсімдіктер өртенді, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ведомство мәліметінше, 1 тамызды Абай облысы "Семей Орманы" МОТР операторынан Бесқарағай ауданында Дөңгелек орманшылығының аумағында орман жабындысы бар аймақта дақылдар өртеніп жатқаны туралы хабарлама түскен.

"Жаңа алгоритмнің, жерүсті күштері мен құралдарынының жедел әрекетінің, сондай-ақ әуе патрульдерін жүргізудің арқасында 7 га аумақтағы өрт оқшауланды.

Өрт орнына орман шаруашылығынан, облыстық төтенше жағдайлар департаментінен 60 адам, 25 техника және 2 пилотсыз ұшу аппараты, "Казавиаорманқорғау" АҚ "МИ-2" тікұшағы жұмылдырылды", - делінген хабарламада.

Қазавиақұтқару "МИ-8" тікұшағмен облыс әкімдігі, ТЖД басшылығы аэровизуалды тексеру жүргізді.

"Абай облысында ыстық және құрғақ ауа райы сақталып отыр, ормандардың өрт қауіпсіздігі мониторингі облыстық ТЖД ерекше бақылауында", - дейді мамандар.

ТЖМ мәліметінше, өрт кешке қарай толығымен сөндірілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2143453-abai-oblysynda-tagy-da-ormannan-ort-shyqty-video/