Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Есірткінің ірі партиясын аяқ киім креміне арналған ыдыстармен өткізбек болғандар ұсталды (фото, видео)

Жарияланған күні:

Аяқ киім креміне арналған ыдысқа салынған героин
Аяқ киім креміне арналған ыдысқа салынған героин. Фото: ҰҚК

ҰҚК Шекара қызметі 775 кг есірткінің рекордтық партиясын мемлекеттік шекара арқылы алып өтпкеші болғандардың жолын кесті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ комитетке сілтеме жасап хабарлайды.

ҰҚК мәліметінше, осы жылғы 31 мамырда Түркістан облысындағы Б.Қонысбаев атындағы бақылау-өткізу пунктінде шекарашылар қызметтік итті пайдалана отырып, ауыр жүк көлігінде аяқ киім креміне арналған ыдыстарға жасырылған күдікті заттарды тауып, тәркіледі.

"Сараптама заттардың құрамында героин барын көрсетті, оның жалпы салмағы 775 кг болды.

Табылған есірткінің "қара" нарықтағы құны 15 млн АҚШ доллардан астам болуы мүмкін.

Осы қылмысты жасады деген күдікпен екі шетел азаматы ұсталды және сот санкциясымен қамауға алынды", - делінген хабарламада.

ҰҚК баспасөз қызметі сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатқанын мәлім етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2143465-qazaqstanga-esirtkining-iri-partiiasyn-aiaq-kiim-kremine-arnalgan-ydystarmen-otkizbek-bolgandar-ustaldy-foto-video/