Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бұрынғы уақыт белдеуін қайтару бойынша петиция: алдын ала шешім жарияланды

Жарияланған күні:

Смарт сағат
Смарт сағат. Көрнекі фото: pixabay.com

Уақыт белдеуін бұрынғы режимге қайтару туралы петицияны талқылау кезінде Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Балықбаев жауапты мемлекеттік органның алдын ала шешімін жариялады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Отырыстың төрағасы Қайрат Балықбаев петиция талабына байланысты шешім жобасын жариялады.

"Мен алдын ала шешімді айтайын деп отырмын. Уақыт белдеуін бұрынғы қалпына қайтару туралы петиция өкілдерінің уәждерін талқылай келіп, ол талапты орындаудан бас тарту жөнінде шешім қабылдауға бекініп отырмыз. Мен бүгінгі жиынның төрағасы ретінде осы 1,5 ай ішінде сіздер атқарған бүкіл жұмыстың қорытындысы бойынша өтінім берушілер келтірген уәждердің ешбірін дәлелдейтін фактілер табылған жоқ. Уақыт белдеуінің өзгеруі азаматтардың денсаулығына да, электр қуатын тұтыну шығындарына да әсер еткен жоқ", - деді вице-министр.

Дегенмен ол бұл айтылған шешім тек жоспар ғана екенін, нақты шешім еместігін ескертті.

Еске салсақ, биыл 1 наурызда Қазақстан бірыңғай UTC +5 уақыт белдеуіне ресми түрде ауысты. Еліміздің бірнеше өңірінде уақыт бір сағатқа артқа жылжыды.

Атап айтқанда, Астана, Алматы, Шымкент қалаларында, Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Шығыс Қазақстан, Абай, Жетісу, Ұлытау облыстарында жергілікті уақыт бір сағатқа артқа қойылды.

Бұған дейін 2 тамызда Астанада бірыңғай уақыт белдеуіне қарсы петиция бойынша шешімнің жобасын қоғамдық талқылау өтетіні хабарланған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2143606-buryngy-uaqyt-beldeuin-qaitaru-boiynsha-petitsiia-aldyn-ala-sheshim-zhariialandy/