Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Денсаулық негізі – ең алдымен сапалы әрі қауіпсіз өнімдер

Жарияланған күні:

Тауық еті
Тауық еті. Көрнекі сурет: pixabay.com

Тамақ өнімдері – біздің ағзамыз үшін пайдалы және құнды заттардың негізгі көзі. Бәлкім, бұған дау айту қиын болар, өйткені біздің ағзамызды қалай толтыратынымыз – әл-ауқатымызға, көңіл-күйімізге, аштыққа қанағаттануымызға, сондай-ақ тұтынушының қалтасының жағдайына да байланысты.

Маңғыстау тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы әлеуметтік жоба шеңберінде аккредиттелген зертханаларда кешенді физика-химиялық, микробиологиялық және өзге де зерттеулер жүргізу арқылы азық-түлік өнімдерінің МемСТ-қа сәйкестігін және олардың денсаулыққа қауіпсіздігін анықтау мақсатында азық-түлік өнімдеріне талдау жүргізді. Мәселен, Ақтау қаласы супермаркеттерінің бірінен "МОТҚҚҚ" ҚБ өкілі жасырын сатып алушы әдісімен "салмағы 0.670 кг АҚШ құс етін" сатып алып, кейіннен өнімді зерттеуге тапсырды.

ҚР ДСМ ҚСЭК Ақтау қаласы бойынша "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК хаттамасы деректеріне сәйкес, мынадай сәйкессіздіктер анықталды:

1) өнімді дайындау күні көрсетілмеген;

2) жарамдылық мерзімі көрсетілмеген;

3) партия нөмірі көрсетілмеген;

4) тамақ өнімдерін сақтау шарттары көрсетілмеген;

5) ұйымның атауы мен орналасқан жері көрсетілмеген;

6) пайдалану бойынша ұсынымдар мен шектеулер көрсетілмеген;

7) тағамдық құндылық көрсеткіштері көрсетілмеген;

8) КО ТР көзделген жағдайларда Кеден одағына мүше мемлекеттердің нарығында өнім айналымының бірыңғай белгісі көрсетілмеген;

9) мемлекеттік тілде таңбалау көрсетілмеген.

Сондай-ақ, ылғал мен ет шырынының массалық үлесінің 8.4% мөлшерінде асып кетуі анықталды, қалыпты жағдай бойынша 4%-дан аспау керек. Мұндай жағдайда тұтынушы тек ет үшін ғана емес, сонымен қатар мөлшері нормадан екі еседен асатын су үшін де ақы төлейтін болып шығады. Сонымен қатар, сатушы "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" заңға сәйкес, тұтынушының өтініші бойынша ұсынылуы міндетті болып табылатын сәйкестік туралы декларацияны ұсынбаған.

Россельхознадзор 2024 жылдың 24 шілдесінен бастап құс тұмауының таралуына байланысты АҚШ-тан Ресейге барлық құс өнімдерін импорттауға шектеулер енгізеді. Енгізілген шектеулер Ресей нарығына әсер етпейді, өйткені 2014 жылдан бері азық-түлік эмбаргосына байланысты АҚШ-тан мұндай өнімдер Ресей Федерациясына жеткізілмеген. Дегенмен, америкалық құс өнімдері Ресей аумағы арқылы Қазақстанға транзитпен өтеді. Енді АҚШ Қазақстанға құс өнімдерін Ресей арқылы транзитпен жеткізе алмайды, деп хабарлайды Агроэксперт.

Тауық еті
Тауық еті. Фото: Биятан Жанна

Сонымен қатар, кәсіпкерлік субъектілері техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмейтін тамақ өнімдері Кеден одағы техникалық регламентінің 40-бабының 1-тармағына сәйкес КО ТР 021/2011 айналымнан алынуға жататынын білуге тиіс, сондай-ақ техникалық құқықбұзушылық саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 415-бабының 1-бөлігіне сәйкес оның ішінде талаптарға сәйкес келмейтін өнімді айналымға шығару, техникалық регламенттерде және нормативтік құқықтық актілерде белгіленген айыппұл түріндегі жазаға әкеп соғады:

Жеке тұлғаларға – 90 АЕК;

лауазымды тұлғаларға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – 195 АЕК;

орта кәсіпкерлік субъектілеріне – 310 АЕК;

ірі кәсіпкерлік субъектілері – 600 АЕК. Мұны кәсіпкерлердің назарына ұсынады Тұтынушылар құқығын қорғау заңгері Биятан Жанна.

Ал тауарлардың қауіпсіздікке сәйкестігін тексеру, сатушыдан фискалдық, кассалық, тауарлық чектерді, тамақ өнімдеріне сәйкестік туралы декларацияны талап ету – тұтынушының заңды құқығы. Осы құқықты пайдалану сізге байланысты, құрметті тұтынушылар! – деп түйіндеді құқық қорғаушы Жанна Үрметханқызы.

Осыған ұқсас сұрақтар бойынша байланыс нөмірі: 87054222739. Instagram парақшасы – OZPP.KZ

Бұл материалды Маңғыстау облысында сатылатын тауарлардың қауіпсіздігі мен сапасы мәселелері бойынша әлеуметтік жобаны іске асыру мақсатында "Маңғыстау облыстық тұтынушылар құқығын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігі дайындады.

"МОТҚҚҚ" ҚБ жариялайтын тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) сапасын зерттеу нәтижелері жарнама болып табылмайды. "Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" ҚБ Қазақстанның әр облысында азық-түліктік және азық-түліктік емес өнімдердің 20-дан астам түрін зерттеді. Бұзушылықтарға қатысты келесі материалдарды жіберіп алмаңыз!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2144328-densaulyq-negizi-eng-aldymen-sapaly-ari-qauipsiz-onimder/