"СВЕТОФОР-да" бізге не сатты?
Жарияланған күні:
Шығыс Қазақстан облысында сатылатын тауарлардың қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз ету мақсатында "Маңғыстау облыстық тұтынушылар құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігі тұтынушылардың құқығын қорғау жобасын жүзеге асырды.
Бұл жобаның негізгі мақсаттарының бірі зерттеу нәтижелерін бұқаралық ақпарат құралдары арқылы тарату жолымен халық тұтынатын тауарларға кешенді зерттеулер жүргізу болып табылады.
Өскемен қаласындағы ірі сауда желілерінің бірінде тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі сарапшы Жанна Биятан жасырын сатып алушы ретінде көлемі 1000 грамдық "арнайы тұздалған" дәмдеуішіне салынған "Тынық мұхитының майшабақ балығы" мен салмағы 400 грамдық "Карат" ерітілген кілегейлі ірімшігін сатып алды.
Сатып алынған өнім "Қаптаманың қауіпсіздігі туралы" кеден одағының техникалық регламенті 005/2011 және 033/2013 "Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі туралы техникалық регламенттеріне сәйкес кешенді зерттеулер жүргізу үшін ұсынылды.
Азық-түлік өнімдерінің үлгілеріне сараптама жүргізу хаттамаларына сәйкес төмендегідей бұзушылықтар анықталды:
№1 үлгі: "Арнайы тұздықтағы" ащы тұзды салмадағы Тынық мұхиты майшабақ балығы, көлемі 1000 грамм, сынама алу кезінде жарамдылық мерзімі өтіп кеткенін көрсетті. Өндіруші көрсеткен өндіру күні – 26.03.2024 ж., жарамдылық мерзімі – 26.06.2024 ж.
ҚР "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодексінің 282-бабына сәйкес, техникалық регламенттерде, гигиеналық нормативтерде белгiленген қауiпсiздiк талаптарына сәйкес келмейді деп танылған өнімдерді пайдалану немесе тұтыну кезiнде адам денсаулығына зиянды әсер етумен байланысты қауіптер; қадағалануы мен қауіпсіздігін растайтын өндірушінің (өнім берушінің) құжаттары жоқ өнімдер; таңбаламасы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келмейтін; белгісіз немесе жарамдылық мерзімі өтіп кеткен; жалған өнімдер халықтың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін өнімнің жай-күйі болып табылады.
№ 2 үлгі: 400 граммдық "Карат" ерітілген кілегейлі ірімшігінде Одақ аумағында тұтынушылардан шағымдарды қабылдауға өндіруші уәкілеттік берген ұйымның атауы мен орналасқан жері туралы мәліметтердің жоқтығы белгіленді.
Кеден одағының "Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" 033/2013 техникалық регламентінің XII бөлімінің 86-тармағының "D" тармақшасына сәйкес сүтті қайта өңдеу өнімдерінің тұтынушылық қаптамасындағы таңбаламада мынадай мәліметтер:
г) сүт өңдеу өнімдерін өндірушінің атауы мен орналасқан жері (заңды мекенжайы, оның ішінде елі, сүтті қайта өңдеу өнімдерін өндіру орнының мекенжайы (егер ол заңды мекенжайға сәйкес келмесе)) және Одақ аумағында тіркелген, Одақ аумағындағы тұтынушылардан шағымдарын қабылдайтын өндіруші уәкілеттік берген ұйым болуы тиіс
Тиісінше, мұндай сәйкессіздіктер сатылымнан алып тастауға негіз болып табылады және осыған байланысты зерттеу материалдары шара қолдану үшін тиісті органдарға жіберіледі, – дейді тұтынушылар құқықтарын қорғау жөніндегі сарапшы Биятан Жанна.
Мерзімі өтіп кеткен өімді сатып алған жағдайда тұтынушы не істеуі қажет?
"ҚР "Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы" заңының 30-бабы 1-1-тармағына сәйкес сатушы (өндіруші) жарамдылық мерзімі өтіп кеткен, техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкес келмейтін тауардың айырбасталуын немесе қайтарылуын қамтамасыз етуге міндетті немесе сауда нүктесіне жоспардан тыс тексеру жүргізу үшін аумақтық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына жүгінуі қажет.
Жоспардан тыс тексеруді санитарлық-эпидемиологиялық бақылау органдары растайтын құжаттары бар жеке немесе заңды тұлғаның өтінішін алғаннан кейін ғана жүргізеді. Растайтын құжат фискалдық немесе сату түбіртегі болып табылады. Өтінімге фото/бейне материалдар қоса берген жөн", - деп атап өтті тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі сарапшы Жанна Үрметханқызы Биятан.
Мұндай сәйкессіздіктер үшін кәсіпкерлік субъектілеріне қандай шара қолданылады?
Сарапшының атап өтуінше, жарамдылық мерзімі өтіп кеткен өнімді сатқаны үшін сатушы мемлекеттік бюджетке келесі мөлшерде айыппұл төлеуі мүмкін:
30 АЕК (103 500 теңге) – сатушы жеке тұлға болған жағдайда;
230 АЕК (793 500 теңге) – лауазымды тұлғаларға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға;
310 АЕК (1 069 500 теңге) – орта бизнес үшін;
1600 АЕК (5 520 000 теңге) – ірі кәсіпкерлік субъектілері үшін.
Ұмытпаңыз! Сатушыға тұтынушылардың өнім мен дүкеннің фотосуреттерін/бейнежазбаларын дәлел ретінде пайдалану құқықтарын шектеуге тыйым салынады.
Сауда орындарында жарамдылық мерзімі өтіп кеткен, жалған, контрафактілік, фальсификаттық, контрабандалық тауарларды өткізу бойынша заңбұзушылықтармен күресуге әрбір азамат қатыса алады.
Тұтынушылар тауардың заңдылығын тексеріп, сатушыдан тек фискалдық, кассалық және/немесе сату чегін ғана емес, сонымен қатар тауардың сәйкестік сертификатын/ декларациясын талап ете алады.
Тұтынушылар өнімнің сәйкестік туралы декларациясының бар-жоғын дербес түрде қарау үшін ЕАЭО-ның берілген сәйкестік сертификаттары мен тіркелген сәйкестік декларацияларының бірыңғай тізілімінің ақпараттық ресурсына, сондай-ақ қазақстандық тізілімге қол жеткізе алады.
Тұтынушыларға арналған жадынама
● Тұтынушылық қаптамаға салынған таңбаламаны мұқият оқып шығыңыз.
Қаптамаланған тамақ өнімдерінің таңбаламасында төмендегідей ақпараттар қамтылуға тиіс:
1) тамақ өнімінің атауы;
2) тамақ өнімінің құрамы;
3) тамақ өнімінің мөлшері (көлемі);
4) тамақ өнімінің өндірілген күні;
5) тамақ өнімінің жарамдылық мерзімі;
6) тамақ өнімінің өндіруші белгілеген немесе Кеден одағының техникалық регламентінде тамақ өнімдерінің жекелеген түрлеріне арнап көзделген сақтау жағдайлары. Өнімді бұзылудан қорғайтын қаптаманы ашқаннан кейін сапасы мен қауіпсіздігі өзгеретін тамақ өнімдері үшін қаптаманы ашқаннан кейінгі сақтау шарттары да көрсетіледі;
7) тамақ өнімін өндірушінің атауы мен орналасқан жері немесе тамақ өнімін өндіруші жеке кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты және орналасқан жері (бұдан әрі – өндірушінің атауы және орналасқан жері);
8) пайдалану жөніндегі ұсынымдар және (немесе) шектеулер;
9) тамақ өнімінің тағамдық құндылығы көрсеткіштері;
10) тамақ өнімінде генетикалық түрлендірілген ағзаларды (ГМО) пайдалана отырып алынған компоненттердің бар-жоғы туралы мәліметтер;
11) Кеден одағына мүше мемлекеттер нарығында өнім айналымының бірыңғай белгісі;
Ақпарат орыс тілінде және мемлекеттік тілде берілуі тиіс.
● Азық-түлік өнімдерін сатып алған кезде олардың жарамдылық мерзімі мен сақтау шарттарына назар аударыңыз.
Төменде аталған жағдайларда азық-түлікті сатып алмауды ұсынамыз:
- өнімде нашар сапа белгілері болса;
- өнімнің жарамдылық мерзімін анықтау мүмкін болмаса;
- тұтынушылық орам/қаптама зақымдалған болса;
- қаптамадағы ақпаратты оқу мүмкін болмаса;
- тез бұзылатын өнімдер температура режімін сақтамай сақталса (өнімдерді сақтау температурасы өндіруші затбелгіде көрсеткен температурадан өзгеше болса).
● Өнімнің сатып алынғанын растайтын фискалды немесе төлем чегін талап етіңіз.
Фискалдық чекті төлем чегінен қалай ажыратуға болады?
Фискалдық чектің негізгі ерекшеліктерінің бірі тұтынушы түбіртектің түпнұсқалығын сканерлеп, тексере алатын бақылау-кассалық чек туралы кодталған ақпаратты қамтитын штрих-код.
Фискалдық чектің негізгі ерекшеліктерінің бірі – тұтынушы түбіртектің түпнұсқалығын сканерлеп, тексере алатын бақылау-кассалық чек туралы кодталған ақпаратты қамтитын штрих-коды.
Фискалдық чек қағаз нысанда немесе электрондық нысанда қолжетімді болуы мүмкін және сатып алушының электрондық поштасына немесе ұялы телефонына QR-код түрінде жіберілуі мүмкін.
Чектерді қараңғы әрі құрғақ жерде сақтауды және бір-біріне бетпе-бет қаратып қоймауды ұсынамыз. Ал түбіртектерді сақтаудың ең жақсы жолы – фотосуретке түсіріп, телефоныңыздың бөлек пәпкісінде сақтау.
Фискалдық чекті талап еткенде:
- біріншіден, өз құқығымызды сақтап, тауарды оп-оңай айырбастай аламыз не қайтара аламыз;
- екіншіден, сапасыз немесе қауіпті тауарды пайдаланып қойсақ та, оны дәлелдей аламыз;
- үшіншіден, өз еліміздің экономикасын көтеруге септігімізді тигіземіз, себебі сатушы табысының бір бөлігінен түсетін қаражатты түрлі әлеуметтік бағдарламаларға жұмсауға болады.
Тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің сапасын зерттеу нәтижелері туралы "Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау" қоғамдық бірлестігі тарататын ақпараттар жарнама болып табыламайды және тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға ықпал етеді.
Осыған ұқсас сұрақтар бойынша байланыс нөмірі: 87054222739 немесе Instagram парақшасы – OZPP.KZ
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2144335-abailangyz-merzimi-otken-maishabaq/