Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Биыл мектептерде алғашқы қоңырау қай күні соғылады: оқу-ағарту министрі жауап берді

Жарияланған күні:

алғашқы қоңырау
Алғашқы қоңырау. Көрнекі фото: Pixabay.com

Биыл 1 қыркүйек жексенбіге сәйкес келіп тұр. Сонда да алғашқы қоңырау салтанатты шарасы дәстүрге сай 1 қыркүйекте өтеді. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз жиынында айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз жиынында БАҚ өкілдерінің сауалына жауап берген Оқу-ағарту министрі биыл алғашқы қоңырау қай күні өтетінін мәлім етті.

"1 қыркүйек – символикалық мәні бар күн. Сол үшін алғашқы қоңырау салтанаты жексенбі болса да, 1 қыркүйекте өтеді. Бұған дейінгі барлық уақытта салтанатты жиын дәл осы күні өткен. Биыл да ештеңе өзгермейді", - деді министр.

Сондай-ақ журналистер 1 қыркүйекті ата-аналар баласының қасында болуы үшін күнтізбеде мерекелік күн етіп белгілеуге қатысты сұрады.

"Мен сізді естідім. Біз мұндай идеяны ұсынып көреміз. Негізі жақсы идея екен",- деді Ғани Бейсембаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2144478-biyl-mektepterde-algashqy-qongyrau-qai-kuni-sogylady-oqu-agartu-ministri-zhauap-berdi/