Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағандыда ​тұрғындар ауыз сусыз қалды

Жарияланған күні:

Ауыз су
Ауыз су. Көрнекі сурет: pixabay.com

Қарағандының басым бөлігі ауыз сусыз қалды. Сорғы станциясын қуаттандыратын электр желілерінде апат болған, деп хабарлайды "Қарағанды ​​су" мекемесіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Компанияның ақпаратынша, бүгін таңертең сағат 5:17-де Қарағандыны сумен қамтамасыз ететін "Екінші аймақ" су айдау станциясында апатты жағдайда толықтай электр қуаты өшіп қалды.

Электр жарығы болмаса, сорғылар жұмыс істемейді, деді компания өкілдері.

"Сағат 8:07-де "Екінші аймақ" сорғы станциясын электрмен жабдықтау қайта жанданды. "Сорап қондырғылары іске қосылып, гидравликалық режим қалпына келтірілуде", - деп хабарлады компания.

Еске сала кетсек, бұған дейін Атырау облысы Құрманғазы ауданы Нұржау және Бірлік ауылдық округтерінің 1000-нан аса тұрғыны ауыз суға зәру екенін жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2144611-qaragandyda-turgyndar-auyz-susyz-qaldy/