Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тауарлардың қауіпсіздігі мен сапасы: Қарағандыдағы сүзбе "Сәтті таңдау" болмай шықты

Жарияланған күні:

Сүзбе
Көрнекі фото: pixabay.com

Тауарлардың қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз етуді мақсат еткен әлеуметтік жобаны жүзеге асыру аясында "Маңғыстау облыстық тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамы" қоғамдық бірлестігінің экспедициясы бағытын енді Қарағандыға бұрды.

Қарағандыда майдың массалық үлесі 6% деп көрсетілген "УДачный выбор" сүзбесі зерттеу нысанына айналды.

Сатып алынған өнім Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Мемлекеттік сараптама комитетінің Қарағанды ​​облысы бойынша "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК филиалының зертханасына Кеден одағының "Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі туралы" техникалық регламенті 033/2013 және "Тағамдық өнімдерді таңбалауға қатысты" техникалық регламенті 022/2011 сәйкестігіне кешенді зерттеу жүргізу үшін ынтымақтастық туралы келісім жасалып, зерттеуге ұсынылды.

Сүзбе
Фото: Биятан Жанна

Зерттеу нәтижесінде мыналар анықталды:

  • "ашытқы" 454,5 КТБ/г – бұл микробиологиялық көрсеткіштен жоғары деген сөз, ал қалыптысы: 100 КТБ/г аспайды (2024 жылдың 17 шілдесіндегі № 1018 хаттама).
  • мемлекеттік тілде ақпарат жоқ (2024 жылғы 18 шілдедегі № 791 хаттама).

Микробиологиялық және молекулалық зерттеулер бөлімі мамандарының айтуынша, сүзбеде әр кез аз мөлшерде кездесетін ашытқы өнімнің дәмі мен консистенциясына айтарлықтай әсер етпейді.

Ашытқылар қышқылдық реакция ортасын жақсы көреді, сондықтан ашытылған сүт өнімдеріндегі жағдайлар олардың өніп-өсуіне қолайлы саналады.

Ашытқылардың қарқынды дамуы сүзбелерді қалыпты температурада сақтау кезінде жиі байқалады, ал өнімді ұзақ уақыт сақтау кезінде жоғары температураның өзінде де ашытқы санының артатыны анық.

Ашытқы сүзбеге нашар жуылған құрал-жабдықтардан, цех ауасынан, жұмысшылардың қолдарынан, айран ұйытқысынан және т.б. жағдайлардан түсуі мүмкін.

Өмірлік тіршілік жағдайында ашытқы өзінің арнайы соңғы метаболизм өнімдерін қалыптастыра отырып, тағамдық өнімдердің құрамын метаболиздендіреді. Бұл кезде өнімдердің физикалық, химиялық және соның салдарынан органолептикалық қасиеттері өзгеріп, өнім бұзылады.

Бұған жол бермеу үшін басынан бастап, шығарылғанға дейінгі, шикізатты бақылаудан бастап өнімдерді, соның ішінде екінші реттік өнімдерді қаптауға дейінгі бүкіл техникалық процесті қатаң түрде санитарлық бақылау қажет.

Зерттеу материалдарының нәтижелері шара қолдану үшін тиісті органдарға жолданды.

Аталған фактіге қатысты шаралар Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің шеңберінде қолданылуы мүмкін.

Сүзбе
Фото: Биятан Жанна

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі сарапшы мыналарды ұсынады:

Тұтынушылар алдымен өнімнің таңбалануына назар аударуы керек, онда келесідегідей ақпараттар тізімі қамтылуы қажет:

  1. тамақ өнімінің атауы;
  2. тамақ өнімдерінің құрамы;
  3. тамақ өнімдерінің саны;
  4. тамақ өнімдерін өндіру күні;
  5. тамақ өнімдерінің жарамдылық мерзімі;
  6. өндіруші белгілеген немесе тамақ өнімдерінің жекелеген түрлеріне арналған Кеден одағының техникалық регламентінде көзделген тамақ өнімдерін сақтау жағдайлары. Қаптаманы ашқаннан кейін сапасы мен қауіпсіздігі өзгеретін тамақ өнімдері үшін орамды ашқаннан кейінгі сақтау шарттары да көрсетіледі;
  7. тамақ өнімдерін өндірушінің атауы мен орналасқан жері немесе тамақ өнімдерін өндіруші жеке кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты және орналасқан жері (бұдан әрі – өндірушінің атауы және орналасқан жері);
  8. пайдалану бойынша ұсынымдар немесе шектеулер;
  9. тамақ өнімдерінің тағамдық құндылығының көрсеткіштері;
  10. тамақ өнімдерінде генетикалық түрлендірілген ағзаларды (бұдан әрі – ГМО) пайдалана отырып алынған компоненттердің болуы туралы мәліметтер;
  11. кеден одағына мүше мемлекеттер нарығында өнім айналымының бірыңғай белгісі;

Ақпарат орыс және мемлекеттік тілдерде болуы тиіс. https://adilet.zan.kz/rus/docs/H11T0000880

"Егер сапасыздық белгілері байқалса, өнімнің жарамдылық мерзімін анықтау мүмкін болмаса, тұтыну ыдысы/қаптамасына зақым келсе, қаптамадағы ақпаратты оқу мүмкін болмаса, тез бұзылатын өнімдерді сатып алу ұсынылмайды. Температуралық режімді сақтай отырып, өнімдерді сақтау температурасы жапсырмада өндіруші көрсеткен температурадан ерекшеленеді", – деп атап өтті тұтынушы құқығын қорғаушы Биятан Жанна.

Тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) сапасын зерттеу нәтижелері туралы "МОТҚҚҚ" ҚБ таратқан ақпараттар жарнама болып табылмайды және тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға ықпал етеді. https://adilet.zan.kz/rus/docs/Z100000274_/z100274.htm

Осыған ұқсас сұрақтар бойынша байланыс телефоны: 87054222739

Instagram парақшасы: OZPP.KZ

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2144683-tauarlardyng-qauipsizdigi-men-sapasy-qaragandydagy-suzbe-satti-tangdau-bolmai-shyqty/