Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өнімнің қауіпсіздігі мен сапасы: EAC белгісі нені білдіреді, елдегі тауарлар бұл белгіге сай ма

Жарияланған күні:

EAC
Сурет: depositphotos.com

Еуразиялық сәйкестік (EurasianConformity, EAC) – бұл Ресей, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан және Армения елдері кіретін Еуразия экономикалық одақ елдері нарығындағы өнім айналымының бірыңғай белгісі. Бұл белгі тауардың қажетті сынақтардан өтіп, сертификатталғанын және Еуразия экономикалық одақ елдерінің қатаң талаптарына сәйкес келетіндігін дәлелдейді.

Аталған белгі халықаралық сауданы жеңілдетіп қана қоймай, өнімнің жоғары сапалы және экологиялық қауіпсіз екенінің кепілі бола алады. Ол тұтынушыларды контрафактілік тауарлардан қорғайтын сапа индикаторы болып табылады. ЕАС белгісі ілеспе құжаттамаларда міндетті түрде көрсетілуі тиіс, әйтпесе тұтынушылардың құқығы бұзылғаны үшін айыппұл салынады.

"Өнім Кеден одағының, яғни, Еуразия экономикалық одағының техникалық регламентінде көрсетілген қауіпсіздік пен жоғары сапалы өнім дайындаудың жалпы талаптары мен белгілі бір шарттарына жауап берген жағдайда ғана бұл мәртебеге ие бола алады. Өнімнің жоғары деңгейде өндірілгенін растау үшін тиісті мамандар аккредитацияланған зертханаларда тест пен сараптамалар жүргізеді. Олар тұтынушылық қасиеттерді анықтағаннан кейін осы белгіні қолдануға болатындығы туралы қорытынды жасайды", – деп түсіндіреді тұтынушылардың құқығын қорғаушы Жанна Биятан.

Осындай белгісі бар тауар Кеден Одағына мүше мемлекеттердің кез келгенінде қолданысқа шығуына болады дегенді білдіре ме?

ЕАС белгісі
ЕАС белгісі. Көрнекі фото: Depositphotos

Жоғарыда айтылғандай, ЕАС белгісі өнім қауіпсіздігінің барлығына емес, тек өнім САПАСЫНА қатысты сұрақтарға ғана жауап береді және контрафакті емес, тауардың бұрмалануын азайту үшін қолданылады (ескертпе: фальсификат өнім – сипаттамалары, өндірушісі туралы жалған ақпаратпен қоса, сапасы мен қасиеттері туралы ақпараттары толық емес немесе сенімсіз, саналы түрде өзгертілген (жалған) тауарлар; контрафактілі өнім – азаматтық заңнаманы бұза отырып айналымда жүретін өнім).

"Мысалы, тұтынушылардың құқығын қорғауды жүзеге асыру аясында тауар жайлы, сондай-ақ сатушы (өндіруші, орындаушы) туралы толыққанды ақпарат алу үшін, Тараз қаласындағы базарлардың бірінен ЕАС белгісі бар тауарды құпия сатып алушы ретінде сатып алдым. Белгілі болғанындай, тауар ҚР заңнамасының талаптарына сай болмай шықты", – дейді Жанна Үрметханқызы.

Глазурленген кәмпиттер қорабы
Фото: Битаян Жанна

Сонымен, 2024 жылдың 18 маусымда Омар Ата базарынан "АТАГ" сауда белгісіндегі әрқайсысы 200 грамнан тұратын "СИЛЬВУПЛЕ" кіреукелі конфет қорабының шоколадты-жаңғақ дәмі мен пісте дәмі бар түрлерін сатып алдым. Өндірушісі – жеке кәсіпкер Кислицына Марина Викторовна, Ресей.

Сатып алынған өнім кешенді зерттеу жүргізу үшін "Сараптама және сертификация ұлттық орталығы" АҚ Жамбыл филиалының аккредиттелген сынақ орталығына өткізілді.

Тағы да айта кетейін, тауарда ЕАС белгісі көрсетілген!

Зерттеу хаттамасы Кеден одағының ТР "Тағамдық өнімдерді таңбалауға қатысты" техникалық регламенті 022/2011 сәйкес, сәйкессіздіктер анықталғанын көрсетті.

Өнімде:

а) пайдалану бойынша ұсыныс және (немесе) шектеулер көрсетілмеген;

b) тұтынушыға арналған ақпарат тек орыс тілінде жазылған; мемлекеттік тілде ақпарат жоқ;

с) қаптамада штрих-код болғанымен, тамақ өнімдерінің партиясын сәйкестендіруге мүмкіндік беретін мәліметтер жоқ.

Глазурленген кәмпиттер қорабы
Фото: Биятан Жанна

Зерттеу хаттамасының деректеріне сүйене отырып, сатушы ҚР "Азық-түліктерді таңбалауға қойылатын талаптар" заңының 6-бабында көрсетілген талаптарды бұза отырып, тұтынушыларға өнімнің қауіпсіздігі мен оларды дұрыс таңдау мүмкіндігін қамтамасыз ететін шынайы ақпаратты бермеген деген қортынды жасалды.

КО ТР 021/2011 40-бабы 1-тармағына сәйкес, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер регламенттерінің талаптарына сәйкес келмейтін тамақ өнімдерін ЕАЭО кедендік аумағында айналымға шығаруға жол бермеуге, сондай-ақ оны айналымнан алып тастау үшін барлық шараларды қолдануға міндетті.

Сонымен, өздеріңіз түсінгендей, ЕАС белгісінің болуы ЕАС-қа мүше мемлекеттерде тауарларды сатуға рұқсат, ол тек өнімнің сапасына кепілдік береді дегенді білдіргенімен, өкінішке орай, өнімнің контрабандасына қарсы келе алмайды (дәл осылайша контрафактілі өнімдер елге жетіп жатады). Адал өндірушінің имиджіне, экономикаға нұқсан келтіріп, тұтынушылардың денсаулығына, тіпті өміріне қауіп төндіретін контрабандалы өнімдері сатқан сатушылар Қазақстан Республикасының заңдарын бұзғаны үшін айыппұл арқалайды.

ҚР қолданыстағы заңнамасында көзделген тиісті шараларды қабылдау үшін зерттеу нәтижелері мен материалдар құзыретті органдарға жіберілді.

Аталған материал Жамбыл облысында өнімнің қауіпсіздігі мен сапасын қамтамасыз ету бойынша әлеуметтік жобаны іске асыру шеңберінде әзірленді. Тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) сапасын зерттеу нәтижелері туралы "МОТҚҚҚ" ҚБ тарататын ақпараттар жарнама болып табылмайды және тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға ықпал етеді.

Осыған ұқсас сұрақтар бойынша байланыс нөмірі 87054222739 немесе Instagram парақшасы: OZPP.KZ – https://www.instagram.com/ozpp.kz/

ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес келмейтін тауарлар туралы, заң бұзған өндірушілер мен сатушыларға қатысты қабылданған іс-әрекеттер жайында, сондай-ақ анықталған бұзушылықтары бар өнімдер туралы хабардар болып, біздің ақпараттарымызды жіберіп алмаңыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2144730-onimning-qauipsizdigi-men-sapasy-eac-belgisi-neni-bildiredi-eldegi-tauarlar-bul-belgige-sai-ma/